Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында өзгеге мейірбандылықпен қарап, қамқорлық таныта білетін атымтай жомарттарды елге таныту керектігі айтылған болатын. Қазақ халқының мейірімді әрі жаны жақсылыққа құмар жандарға бай екенін жасап жатқан игі істерінен аңғаруға болады.
  Қайырымдылық жасап, көптің алғысын арқалаған жанның бірі – қызылордалық Динара Алмусаева. Ол 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мамандығы – экономист. Бірақ Динара өзінің армандаған мамандығымен жұмыс жасауды шешеді. Алғашқы еңбек жолын сән салондарында жұмыс жасаудан бастап, біраз тәжірибе жинақтап алады.
  2013 жылы жеке кәсібін ашып, кәсіпкер атанады. 2015 жылы «Dinara Almussayeva» атты академиялық салонын ашты. 17 жасынан бастап сән әлеміне бағыт алып, кәсіп ашып, жұмысын жандандырған жас кәсіпкер нәзік жандыларға сұлулық сыйлауды жаны сүйеді. Айта кетейік, оның сән үйінде көптеген жеңілдіктер өтіп тұрады. Бастысы, мұнда нағыз білікті мамандар жұмыс жасайды. Шеберлердің 70 пайызын кәсіпкер өзі баулып, маман етіп қалыптастырған.
  Бүгінде Динара халықаралық дәрежедегі визажист, «make up» шебері. Жаңашылдыққа құмар қыздың алдына қойған арманы да асқақ. Мақсаты биік. Динараның жаны жомарт. Қолы ашық.
  Ол облыстағы барлық қайырымдылық шаралардан қалыс қалған емес. Тіпті түрлі іс-шаралардың өтуіне демеушілік жасайды. Сондай-ақ, «Даму» қоры мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиындарға қатысып, қолдау білдіреді. Талабы бар жастарды жанына жинап, дәріс беріп, маман атануына да септігін тигізіп келеді.
  Динара – еңбекті сүйетін жан. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Білімін жетілдіру мақсатында сырт елдерге шығып, тәжірибе алмасады. Қауырт тіршілігіне қарамастан, қайырымдылық жасауды жадынан шығарған емес. Динара облыс орталығындағы «Сәбилер» үйіне үнемі көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар қаладағы есту қабілеті нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернатының оқушыларына тұрақты демеушілік жасайды.
  Ондағы дарынды балалардың халықаралық, республикалық және облыстық сайыстарға қатысуына демеушілік етеді. Сонымен қатар Талсуаттағы балаларды оңалту орталығы мен Қарттар үйіне арнап қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды дағдыға айналдырған.
Мұнан өзге айықпас ауруға шалдыққан балалардың ем-домына қажетті қаражаттың жиналуына да атсалысады. Динараның айтуынша, кез келген жан жетістікке жету үшін тек еңбек ете білу керек. Үйренгенін өзгелермен бөлісіп, шәкірт дайындау да үлкен жұмыс дейді.
  Былтырғы жылы кәсіпкер қыз мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға ретінде қалыптастыру бағытындағы азаматтық белсенділігі үшін облыс әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қорының «Жаңа есім» номинациясын иемденді.
  Жалпы, жанашырлық, бауырмалдылық – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Расымен де көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауабы мол іс. Қысылғанға қолдау танытып, айналасына шапағат шуағын шашып жүретін Динара бұл ізгілікті шарасын алдағы уақытта да жалғастыра беретінін жеткізді.

С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласы
28 мамыр 2018 ж. 762 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области