ШАҒЫН АУЫЛДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ШАРА
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайын халық алдына нақты міндеттер қойып, елдің әлеуеттін арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар даярлауды дәстүрге айналдырғаны баршамызға мәлім. Соның ішінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ел тарихында елеулі орын алатын тың бастама ретінде дараланды.
-Біріншіден,қазақ тілін кезең кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек, - деген Н.Назарбаев, 2025 жылға қарай латын әліпбиін толықтай қолданысқа енгізуді ұсынуы мемлекетіміздің өркениет көшіне ілесуіне жол ашқандығының айқын көрінісі еді – деген бастамашы топ, шағын ауылдарда танымдық шара ұйымдастырды.
Яғни, аудандық мәдениет үйіне қарасты «Ақжелкен» және «Асыл мұра» жылжымалы мәдени демалыс кешендері ең алдымен, Сапақ елді мекеніндегі №69 мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушыларынын қатыстыра отырып, «Латын әліпбиі-болашақтың бағдаршамы» атты танымдық кеш өткізді.
Нақтырақ тоқталсақ онда латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы түсіндіріліп, ана тіліміздің тазалығын сақтау турасындағы тиімді тұстары айтылды. Бұл тұста, «Акжелкен» жылжымалы мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Қ.Аманова : – Латын әліпбиіне көшу түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, таза тіліміздің қалыптасуына жол ашатынын жеткізді.
Кеш барысында мектеп ұжымы мен оқушылар бағдарламалық мақалада айтылған «Білім және тәрбие» бағытындағы шаралардың маңыздылығын баяндап берді.