Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КІТАП – ЕЛДІҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ

КІТАП – ЕЛДІҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Қазақстан қоғамының рухани тірегіне айналып, асқақ рух пен адамгершілік өнегеге бағытталуы тиіс.
Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.
  «Рухы биік ел құлдырамайды!». Бірақ, биік рух қайдан келеді?! Әрине, кітап оқудан. Бүкіл адамзат тарихында көне дәуірлерден сақталып келе жатқан тастағы таңбалардан бастап, көптеген жазу-сызулар арқылы бізге жеткен ақыл-ой, ғылым-білім қазыналары кітап арқылы игілігімізге асуда. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат» деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. «Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол» дейді Баус. Яғни кітап – сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге» деп Абай жырлағандай, ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан таба алатынымызды ұмытпайық. Кітаппен сырласатын рухани орда – кітапхана. Соның ішінде мектеп кітапханасы – мектептің қоғамдық-мәдени орталығы. Мектеп кітапханасының өз ерекшеліктері мен өзгешелігі бар. Білім ордасындағы кітапханалар жалпы кітапхана нормалары мен қағидаларын ескерсе, ең бастысы, мектептің оқу-тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады.
  Бүгінгі мектеп кітапханасы уақыт талабына сай білім ордасының дәрежесі жоғары болуына үлес қосып, жас оқырмандарды тәрбиелеуде белсене көмектесуі тиіс. Себебі, кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі.

А.НОҒАЙБАЕВА,
Қ.Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі

03 маусым 2018 ж. 1 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области