Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КІТАПХАНА – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОШАҒЫ

КІТАПХАНА – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОШАҒЫ


         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», деп мақсат қойды.
         Әлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шартының бірі – «Жаһандағы заманауи мәдениет» жобасын» іске асыру болып табылады. Мәдени өнімдеріміз рухани құрал – алдымен кітап түрінде өркендеуі тиіс деп есептеймін. Біздің еліміз бұл сала бойынша қазіргі таңда алдамыз.
         Ақын-жазушылардың қаламынан туған туындылар рухани жаңғыруға ықпал ететіні мәлім. Бүгінгі таңда ақын-жазушылардың  шығармашылығына, жаңа кітабының тұсаукесеріне еліміздегі кітапханалар көңіл бөліп, Елбасы тапсырмасын басшылыққа алып отыр.  Міне, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Қазалы ауданындағы орталық кітапханада игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Әйтеке би кентіндегі аудандық орталық кітапхана мен Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназия бірлескен шара өткізді.
         Шарада ұстаз, ақын Ғалия Мейірманованың «Бір үзік сыр» атты жыр жинағының тұсаукесер салтанаты өтті. Оған ҚР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері Қәдірбек Бекетов, зейнеткер ұстаздар Айжаһан Ысқақ, Күлпан Ережепова, Марал Айымбетова қатысып, естеліктерімен бөлісті.
         Ал №226 гимназия оқушылары ақын шығармаларынан үзінді оқып, әсем әндерді орындады. Бұған қоса, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешті аудандық орталық кітапхана директоры Индира Назарова қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға алғысын білдірді.
         Нақты кезеңде Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 көпшілік кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапханалардың барлығы дерлік бейімделген ғимараттарда орналасқан.
         Ал ескі Қазалы қаласындағы Ғанибай мешіті ғимаратындағы ғасырдан астам тарихы бар №1 кітапхананың алтын қорындағы сирек кездесетін 78 дана кітап аудан мақтанышы.
         Аталған көпшілік кітапхана компьютермен жабдықталып, РАБИС бағдарламасы аясында кітап қорының электрондық базасы құрылып, интернет желісі арқылы оқырмандардың пайдалануына қажетті сұранымын өтейді.
         Аудандық орталық кітапхана РАБИС бағдарламасының тіркеу, іздеу, каталогизатор, келуші, берілім сынды бес модулімен жұмыс жасайды. 2015 жылы БҰҰ демеушілігімен «Даму» бағдарламасы аясында Жанқожа батыр, Өркендеу ауылдық кітапханаларынан онлайн орталықтар ашылса, осы жылы Бірлік ауылдық кітапханасы онлайн орталығы болып халыққа көпшілік қызмет көрсете бастады.
         Ал Ү.Түктібаев ауылдық кітапханасы үлгілі ауылдық кітапханасы санатында болса, биылғы жылға Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасына қаржы бөлініп, үлгілі модельді кітапхана санатын алуға қадам жасалуда.
         Сондай-ақ, Қазалы аудандық орталық кітапханасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітабына арналған оқырмандар конференциясы өтті. «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған осынау шара шын мәнісінде жұртшылық тарапынан жоғары баға иеленгенін көзіміз көрді.
         Конференция барысында өздерінің пікірін білдірген оқырмандардың таным деңгейі жоғарылығы, ойын еркін жеткізуі ашық көзқарастағы батыл жандардың қатары молайып келе жатқанын дәлелдей түсті.
         Ж.АЙДАРБЕКҰЛЫ,
         Қазалы ауданы


05 маусым 2018 ж. 1 503 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области