Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЗДІҢ АУЫЛ

БІЗДІҢ АУЫЛ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аймағымызда қарқынды жүргізілуде. Дана жұртымызда «Ауылына қарап азаматын таны» деген тамаша сөз бар. Ауылдан шыққан азаматтардың туған жерін түлетуге қосқан үлесі туралы да қазір жиі айтылып жүр.
  Біздің ауыл алақандай ғана. Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан. Аталарымыз уағында егін егіп, мал өсіріп, мамыражай күн кешкен екен. Еміс-еміс есімде қалғаны ауылды жағалай жарма (канал) орналасқан-ды. Қателеспесем, атауы – Қараарық.
   Ал көктемде Сырдариядан Ақбастыға мол су құйылатын. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау көптің есінде шығар?! Ауыз су дегеніңіз атымен жоқ. Телефонды түсіңізде көресіз. «Ауылдағылар қыстыгүні шанаменен Ақбастыға ағылатын. Ақ қарды аршып, мұз ойып, соны тасып, ауыз су қылатынбыз»,- дейді әкем.
  «Қара су ішсең де, қайғысыз іш» деген тәмсілге сүйеніп анау-мынауға мұқалмайтын біздегілер бұл қиыншылықтардың барлығын еңсеріп, елді мекенің іргесі сөгілуіне жол бермеді. Бірде сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақал «туған жердің түтіні де – қымбат. Бірақ, туған мекеніңнің базары тарқаған көру – өте өкінішті» деп мұңайғаны бар. Құдай мені бұл бақытсыздықтан сақтап қалды! Қай уақытта барсам да, аңқылдаған ағайын қаумалап қалады. Ара-тұра туған топырағымызға аунап-қунап қайтатын әдетіміз бар. Қаланың қым-қуыт тірлігі жүйкеңдің жұқартып тастайтын рас. Кейде бәріне қолыңды бір сілтеп, тыныққың келеді. Қара сирақ ауыл баласы үшін туған мекеніңнен артық санаторий жоқ шығар, бәлкім?!.
ЖАСТАР ЖАРАП ТҰР
  Олар бірде-бір партияның, қоғамдық қордың, яки бір ұйымның мүшесі емес. Он бір жыл мектеп, төрт жыл университет бітірген соқталдай жігіттер ғана. Жұмыссызы да, кәсіпкері де, балықшысы да, егіншісі де – есті. (Бір ауылда бір тентектің болуы да – заңдылық). Елдің ел болып тұруы да сол азаматтардың арқасы. «Есті» деп бекер айтпадым. «Пайғамбардай жігіт бар – мінерге есегі жоқ, Есектей жігіттер бар – малының есебі жоқ» дейді ғой.
  Мыңғырған малы болса да, туған топырағына титтей де көмегі тимеген талай дөкейді көрдік. Ал Жаңақұрылыстың жастары бұл кеселден аман! Айтайын... Ауылда мынандай дәстүр қалыптасқан. Әр жылдары мектеп бітірген түлектер ауылға қажетті дүниені жасап береді екен.
  Бірнеше жыл бұрын ауыл жастары Нұржан Төрениязов, Ғалымжан Базарбаевтың бас болуымен 200-ден аса көшет отырғызыпты. Оны баптау – өз мойындарында. Ал қайбір жылы елді мекеннің қақпасына арка жасатқан. Көргенде көз тояды. Автобус күтетін аялдаманы орнатуға өздері қол ұшын созған. Ауылдың ішінде майдангерлердің құрметіне қойылған ескерткіш бар-тын. Соны жөндеп, айналасын абаттандыру – ел жастарының міндеті емес пе? Ол назардан тыс қалмаған. Сондай-ақ, Жаңақұрылыста туып, бақилық болған жерлестерінің рухына құран бағыштапты. Кешегі наурыз мерекесінде ауыл жастары бірігіп, дүбірлі думан ұйымдастырған. Бұған ақсақалдар дән риза. Бұл ауыл ақсалдарының тəрбиесі.
  Міне, рухани жаңғыру, ауызбіршілік, ынтымақ, татулық дегеніңіз осы. Бір сөзбен айтқанда, Жаңақұрылыстың жастары жарап тұр...

Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ,
Арал ауданы

06 маусым 2018 ж. 960 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области