Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚАУ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҒАДЫ

БАЙҚАУ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҒАДЫ


Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы «Жаныңда жүр жақсы адам» эссе байқауы жарияланғаны мәлім. Еске сала кетсек, байқау орталықтың ұйымдастыруымен фейсбук әлеуметтік желісіндегі Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» парақшасында осы жылдың 15 мамыры күні жарияланды.
Байқау 3 маусым күні тоқтатылды. Ертең, 8 маусымда қорытындысы жарияланады. Байқаудың жүлдегерлерін анықтау шарасы Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада сағат 11.00-де өтеді. Жүлде қоры меценаттар есебінен алынады.
Шараның түпкі мақсаты – әлеуметтік желіде аймақтың дамуына үлес қосып жүрген меценаттар туралы ақпарат тарата отырып, ел арасында прагматикалық көзқарасты қалыптастыру.
Жанашыр жандардың жасаған қайырымдылық шараларын насихаттап, бәсекелік қабілетін арттыру. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы жастарды сауаттылыққа тәрбиелеп, білімнің салтанат құруына мүмкіндік жасау.
Байқау шарттары бойынша туынды кейіпкері білім, мәдениет, медицина саласына қолдау көрсетіп, туған жерге тарту жасаған жомарт жан болуы керек. Елдің гүлденуіне үлес қосып, спорт кешенін, ойын алаңдарын, медициналық нысандарын салу секілді ірі жобаларды жүзеге асырған азаматтар болуы шарт.
Байқау ережесіне сәйкес эссе #РуханижаңғыруҚызылорда#жаныңда_жүр_жақсы_адам хэштегтері бойынша қатысушының жеке парақшасында жарияланып, аймақтық орталықтың парақшасын белгілеуі керек.
Сонымен қатар, эссе 250 сөзден кем болмауы тиіс. Шығарманың көркемдігі, кейіпкер образын ашу, әлеуметтік желіде оқылуы, оқырмандардың пікірі толық ескеріледі. Ал үздік туындыларға меценаттар есебінен марапатталады.
Жүлделі бірінші орынға - ноутбук, екінші орынға – смартфон, үшінші орынға – соңғы үлгідегі диктафон табысталады.
Қосымша «Рухани жаңғыру» орталығы атынан оқырмандардың ерекше ықыласына бөленгендерге кітап сыйға беріледі және барлық қатысушыларға арнайы «Алғыс хаттар» табысталады.
Конкурс нәтижесі бойынша демеушілер көмегімен жинақ шығарылады.
06 маусым 2018 ж. 1 074 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области