ЕРГЕ БЕРГІСІЗ ЕҢБЕК
Күнде таңертең сағат 8:30-дар шамасында жұмысыма аудан орталығындағы «Ардагерлер аллеясы» арқылы өтемін. Үйіме түскі үзіліспен кешкілік уақытта да осы жолмен қайтуды әдетке айналдырғанмын. Сол саябақтан қай уақытта өтсем де, тыраштанып жатқан бір кісіні байқаймын. Өзі уақытпен санаспайды да. Кешкілік тоғыз-он шамасында да оны осы саябақтан табуға болады. Үй көрмей тапқан еңбегіне топандай айлық алмасада, тобықтай ақшасын місе тұтқан. Ол кім дейсіз ғой?
Ол кісі аудандық «Ардагерлер аллеясының» тазалығына жауапты – Айымкүл Мамбетова. Ол – «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаcы аясындағы «қоғамдық жұмыс» бөлімі бойынша тіркелген. Өзінің жұмысқа тұрғанына көп болмаса да, ісіне адал. Саябақта күндіз-түні демалыссыз тазалық жұмыстарын жүргізеді. Шөп жұлу, тырмалау да осы кісінің мойнында.
Жаратылысы нәзік болғанымен, ер адамға бергісіз еңбек етіп жүр. Айына алатын еңбекақысы біреулердің шайлығынан аспайды.
«Ардагерлер аллеясы» жұмысымыздың жанында орналасқандықтан, терезеден бәрі айдан-анық көрінеді. Шөпті де жұлады, қоқысты да шығарады, сыпырады да. Қай уақытта қарасаңыз, жұмысына білек сыбана кірісіп кеткенін байқаймыз да таңдай қағамыз. Ерлеріміздің өзі ерінетін істен Айымкүлдің шаршамайтынын аңғардық. Ол кісімен жол-жөнекей тілдесудің де сәті түскен еді.
– Осы жерді сеніп тапсырғаннан кейін таза етіп ұстау – міндетім. Түскі асқа да шықпаймын. Осы жердегі дүкеннің бірінен аздап жүрек жалғап алып, қайта тазалауға кірісемін. Үйге барғанда не етпекпін? Жалғыз өзім пәтер жалдап тұрамын. Жалғыз адамға уақыт та өтпейді. Сондықтан бар уақытымды осы жерде өткізген дұрыс. Бір жағынан ойың да бөлінеді. Шөп шабамын, сыпырамын, қыста қарын күреп, қоқысын тазалаймын. Кейде тазалап қойған жерімді, саябақта демалушылар келіп былғап кетіп жатады. Кейде көзімше тастайды қоқыстарын. Соларды жинаумен-ақ кеш батқанын білмей қаламын, – дейді А.Мамбетова.
Иә, қанша жұмыс жасап жатқан адам көргенімізбен, дәл осындай жұмысына берілген жандарды кездестіру әсте қиын. Кейде салқын жерде отырып алып, алатын айлығымызға көңіліміз толмай жататыны жасырын емес. Ал бұл кісі қырық күн шілденің аптап ыстығына күйіп, қыстың ызғарына тоңып, күндіз-түні үй көрмей тапқан адал нәпақасына разы.
Екінің бірінің қолынан келе бермейтін, ерге бергісіз еңбекқорлығына шын тәнтіміз. Алла осындай еңбекқорларға күш-қуат берсін.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
Қармақшы ауданы