ТЫЛ АРДАГЕРІ 90 ЖАСТА
Мереке күні тыл ардагерінің үйіне азаматтық қорғау қызметкерлері және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев барып, құттықтады. Олар Мария Павловнаға ізгі ниетпен сый-сияпатты тарту етті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы биылғы жылы өрттен қорғау қызметінің 100 жылдығы атап өтілетінін және тыл еңбеккерін салтанатты іс-шараға шақыратынын, оған құрметті орынның дайын екенін айтты. Мария Павловна әріптестерінің өзін құттықтап келгендігіне шын жүректен көңілі босап, өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы сыр шертті.
1928 жылы 13 наурызда Платонова Мария Павловна Ресейдің Пенза ауданы, Чамбар ауданы Верхняя Поляна ауылында дүниеге келді. 1943-1946 жылдары И.Панфилов атындағы Қызылорда мектебін бітіргеннен кейін Мария Павловна зауытта еңбек етті. Соғыстан кейін ол әр түрлі салаларда жұмыс істеді: «Гортовторг» кассирі, дәріхана бөлімшесінде және теміржол вокзалында хатшы-машинист. М.Платонова 1963-1983 жылдары Целлюлоза-картон зауытында өрттен қорғау саласында диспетчер болып еңбек етіп, зейнет демалысына шықты.
Жинақы және жайлы бөлмедегі қабырғаға Мария Павловнаның қызмет көрсету кезінде марапатталған медальдарі орналастырылған, сөрелерде Қызылорда облысы ТЖД басшылары мен әкімдерінен алған алғыс хаттар бар. Өзінің жасына қарамастан Мария Павловна дүкенге барып, күнделікті таза ауада серуендейді. «Қаншалықты қиын болса да, тағдырға ешқашан наразылық білдірмеу керек», - дейді ол.- «Жас ұрпаққа ырыс және ізгілікті қарым-қатынас тілеймін. Дендеріңіз сау болсын және өздеріңізге қамқор болыңыздар».