БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ШВЕЙЦАРИЯ ЕЛШІСІ УРС ШМИДПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмидпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Швейцариямен энергетика, фармацевтика, білім беру, көлік және қаржы салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр Швейцарияның елеулі транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті. Швейцария Қазақстанмен сауда айналымының көлемі бойынша Еуропа елдері арасында 4-орында (Италия, Нидерланды және Франция елдерінен кейін).
Анықтама: Швейцария мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 1 маусымда орнатылды.
2018 ж. қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $562 987 мыңды құрады. (экспорт – $531 266 мың, импорт – $31 721 мың). 2017 ж. тауар айналымы $3,2 млрд (экспорт — $3,1 млрд, импорт — $138 млн) құрады, бұл 2016 ж. салыстырғанда 21% көп.
Швейцариядан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялар ағымы 2005–2017 жж. аралығында $20 597,3 млн құрады.
2005–2017 жж. Қазақстаннан Швейцарияға тікелей инвестициялар көлемі $823 млн құрады. Швейцария соңғы 10 жыл ішінде қазақстандық экспорттың жалпы көлемінен 63% жуығы экспортталған 6 елдің бірі (РФ, КХР, Италия, Нидерланды мен Франциядан кейін).