Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ «ФРАНЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН» БИЗНЕС-ФОРУМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ «ФРАНЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН» БИЗНЕС-ФОРУМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Франция – Қазақстан: стратегиялық әріптестікке 10 жыл» тақырыбында «Франция–Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасының дөңгелек үстелі өтті.
  Шараға Қазақстандағы Франция Елшісі Ф. Мартинэ, «Франция – Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Ж. Фриес, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Қазақстан мен Францияның түрлі бизнес құрылымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев форум қатысушыларына арнаған алғы сөзінде Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін, стратегиялық әріптестіктің он жылдық кезеңінде дамудың көптеген бағыттарында ынтымақтастықтың орныққанын, ел үкіметінің француз бизнесмендерін қадірлеп, қолдайтынын атап өтті.
  Қазақстандағы институционалдық реформалар туралы айта келіп, Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті бастамашы болған елді Үшінші жаңғыртудың мақсаты — экономикалық өсімнің жаңа моделін құру екенін айтты. Қазақстанның мемлекеттік саясаты технологиялық жаңғыртуға, адам капиталының сапасын арттыруға және инновацияларды дамытуға негізделген. Цифрландыру бойынша ауқымды ұлттық жобаны іске асыру жұмыстары басталды.
  Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсарту, еліміз бен нарықты достар мен серіктестерге ашу арқылы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тұрақты бағытын жалғастырып келе жатқанын және француздық іскерлік орталар осы мазмұнды әрі әр қилы экономикалық күн тәртібіне белсенді араласа алатынын жеткізді.
  Дөңгелек үстел барысында технологиялық жаңғырту, цифрландыру, инновацияларды дамыту, Қазақстанда жаңа форматтағы экономиканы қалыптастыру және осы процестерге француздық бизнес инвестицияларының қатысуы туралы мәселелер талқыланды. Екі елдің кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі, азаматтық авиация, көлік және сауда, туризм, стандарттау, білім беру және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективалы бағыттарын қарастырды.
   Анықтама: Қазақстан мен Франция арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы $3,3 млрд құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 38,5%-ке ($2,5 млрд) жоғары көрсеткіш. Қазақстаннан Францияға экспорт 2017 жылы $2,8 млрд құрады, бұл 2016 жылға қарағанда ($1,8 млрд) 59,7% жоғарыкөрсеткіш.
  2005–2017 жылдар аралығында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $264,4 млрд құрады. Олардың ішінде $14,1 млрд — Франциядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны.
  2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда француздық қатысумен 220 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген, жұмыс істеп тұрғандары — 138. Олардың қатарында Airbus, Alstom, Lactalis және т.б. ірі компаниялардың өкілдері бар.
  Франция азаматтары виза рәсімдемей-ақ Қазақстанға еркін кіре алады, ал екі елдің астаналары тікелей әуе тасымалдарымен байланыстырылған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасында 1998 жылғы 3 ақпанда Парижде қол қойылып, 2000 жылғы 21 тамызда күшіне енген Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім бар.

primeminister.kz
27 сәуір 2018 ж. 503 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области