Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ӨЗГЕРЕДІ

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ӨЗГЕРЕДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өз қызметкерлері үшін икемді жұмыс кестесін енгізуді жоспарлап отыр. Аталған бастама оң нәтиже берсе, ондай кесте барлық мемлекеттік органдарға таратылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасының бас менеджері Шыңғыс Төрегелдиннің айтуынша, жұмыс кестесін өзгертуге қатысты арнайы сауалнама жүргізілген болатын. Сол кезде агенттік қызметшілерінің 70 проценті жұмыс кестесін өзгертуді сұрады. Біреулер жұмыстың басталу уақытын сәл шегеруді өтінсе, енді біреулер түскі үзілісті ұзарту қажеттігін жеткізді. Осыған байланысты агенттік қызметшілері үшін жұмыс уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды. Алайда 8 сағаттық жұмыс күні сақталады. Сосын аталған бастаманы әзірше пилоттық жоба үлгісінде қолға алынады.
«Біз мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сыныпта оқитын балалары бар агенттік қызметшілері үшін жұмыс күнін 9:30-ға белгілеуді ұсындық. Сонда 1,5 сағаттық түскі үзілісті санағанда олардың жұмыс уақыты 19:00-ге дейін созылады. Сол сияқты түскі үзілісті ұзартуды сұрағандар қосымша жарты сағат алса, олардың жұмыс күні де 19:00-ге дейін болады. Қалған қызметшілер үшін қолданыстағы жұмыс кестесі (9:00-18:30) қала береді. Аталған өзгерістер жұмыс тиімділігіне кедергі жасамай, ұжымдағы моральдық-псиxологилық климатқа оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Бұл бастама агенттікте, сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде сынақтан өтеді. Біз оны қыркүйек айында бастаймыз», - деді Ш.Төрегелдин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
13 маусым 2018 ж. 662 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области