Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДЫ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІ БЕКІТІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДЫ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІ БЕКІТІЛДІ

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері республика аумағында ұялы телефон абоненттерін тіркеу ережесін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда жасалған және Қазақстанға әкелінген телефондарды тіркеуге болады. Бұл процедура өтініш бергеннен кейін жеке тұлғаларға 4 сағат аралығында жасалса, заңды тұлғаларға 8 сағат аралығында жасалады.
Ал 14-18 жас аралығында жасөспірімдер телефондарын тек заңды өкілдерінің келісімі арқылы тіркей алады екен.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, абонент автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы тіркеле алады немесе ұялы байланыс операторының кеңсесіне мына құжаттармен баруы керек:
1) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) (жеке тұлғалар үшін) немесе БИН (Бизнес сәйкестендіру нөмірі) (заңды тұлғалар үшін);
2) Ұялы телефонның сәйкестендіру коды;
3) Абоненттік нөмірі.
Сондай-ақ, министрлік өкілдері ұялы телефондарды 2018 жылдың соңына дейін тіркеу қажеттігін айтады. Айтуларынша, 2019 жылдың қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді.
Еске сала кетейік, былтыр ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірген болатын. Ал кейінірек министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берген еді.


15 маусым 2018 ж. 724 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области