Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ БІРТҰТАС ЖЕЛІСІН ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ БІРТҰТАС ЖЕЛІСІН ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ


Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Астананың 20 жылдығына арналған форумның ашылуы салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ЕСО Science Foundation, Түркі Кеңесі, ТүркПА сынды халықаралық ұйым басшылары қатысуда. Сонымен бірге қатысушылардың ішінде дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу оралықтарының басшылары да бар.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық саясаттағы тегеурінді тұлғасын, түркі әлеміндегі жетешілік рөлін, «Рухани жаңғыру» жобасындағы идеяларын кеңінен насихаттау - форумның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі, «Рухани жаңғыру» қазақ елінің алдына қойған мақсаты ғана емес, жалпы түркі әлеміне ортақ мұраты деп ойлаймын. Қоғамдық сананың серпілуі, еліміздің ұлттық рухани тамырынан нәр алып, әр халықтың өз бүгіні мен болашағы жарқын болуы үшін өзгере білуі тиіс. Мұны түсінбегендер тарих шаңына көміліп, тозаң жұтып, тас шайнап, қалтарыста қалады», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, қазіргі кезде тоталитарлық құрсаудан босаған түркі тілдес елдер жаппай рухани жаңғыруды бастан кешуде. Жаңғыру негізі - адами капиталды дамыту екені мәлім.
«Осы орайда бәріміздің ендігі басты міндетіміз - әлемде түркі елдерінің бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру. Ол үшін зияткерлік ұлт қалыптастыру қажет. Бұл ретте қазіргі технологиялық орта, коммуникация, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылым, білім талаптарына сай болып, заман көшіне ілесіп, қарыштай дамып, Мемлекет басшысының тікелей нұсқауымен Қазақстанның латын қарпіне көшуді бастауы - аса маңызды қадам. Сондай-ақ, біз «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алдық. Оның аясында әлемдегі үздік еңбектердің алғашқы 18-і қазақ тіліне аударылып, зиялы қауымның, жас буынның, жалпы жұртшылықтың назарына ұсынылды», - дейді ол.
Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде алқалы жиында бас қосқан ғалымдар Ұлы Дала кеңістігінің тарихы мен тағылымын бірлесе кешенді түрде зерттеп, зерделеуі керектігін атап өтті.
«Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумының басты мұраты - Түркі дүниесі және Еуразия ғылыми қоғамдастықтарының бірлесе отырып, бауырлас халықтардың ортақ мұрасын болашаққа ұрпақтың игілігіне ұсыну деп санаймын. Ұланғайыр аумақты мекен еткен халықтар байланысын, интеграцияны нығайту үшін меніңше, санаға қасиетті орындар ұғымын сіңірудің мәні зор. Мәселен, форумға қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы ізімен күллі түркі әлемінің киелі георафиясының біртұтас желісін жасау жайын талқыласа нұр үстіне нұр болар еді. Баршамыздың бабамыз - Ұлы түркі қағанаттың негізін қалаған Білге қаған ел болып, бірігуден асқан бақыт жоқ деген еді. Осы орайда бүгінгі жиын бірлігімізді нығайтып, Ұлы Дала - Рухани жаңғыруды жүзеге асыруға септігін тигізіп, түркілік сананы кеңейтетін, сондай-ақ прогреске шақыратын, интеграцияға серпін беретін мәнді оқиға деп білемін», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі айтып өткендей, форум барысында Астананың 20 жылдығына арналған «Өркениеттер үндестігі және қала мәдениеті», ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы мен жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Түркі әдебиеті байланыстары: дәстүр және жаңашылдық», атақты түрколог В.В.Радловтың өмірден өткеніне 100 жыл толуына арналған «Түкологияның жаңа мүмкіндіктері», «Ұлы даланың рухани жаңғыруы» секілді тақырыптар қамтылып, сындарлы пікірлер айтылады.
Жиын барысында Әзербайжан, Германия, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Тәжікстан және Түркиядан келген 250-ге жуық ғалым-зерттеушілер мен сарапшылар 6 секциялы жиында мазмұнды баяндамалар жасамақ.



18 маусым 2018 ж. 574 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области