Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ БАЙҚОҢЫРДА

ҮЗДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ БАЙҚОҢЫРДА

«Қазақстан полициясы күні» мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде «Үздік маман» конкурсы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған байқау-конкурсы Қызылорда ОІІД-нің ақпараттық-аналитикалық бөліністері және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі қызметкерлерінің арасында спорттық шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті нығайту, әрі үздік қызметкерлерді анықтау мақсатында өткізілді.
Бірінші күні байқауға қатысушылар атыс, дене шынықтыру дайындығы бойынша, атап айтқанда, 60/100 метр қашықтыққа жүгіру, 1000 метр қашықтыққа жүгіру және күштік жаттығулар кешені бойынша сынақтан өтіп, екінші күні Қазақстан Республикасының заңнамаларын және ішкі істер органдары қызметін регламенттейтін өзге де құқықтық актілерді, лауазымдық нұсқаулықтарды білу деңгейіне тестілеу түрінде сынақ тапсырды.
Байқау-конкурсының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлжан Байменова «Үздік маман» иегері атанды. Жүлделі екінші орынды ОІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының инженері полиция капитаны Жалғасхан Оспанов алып, үшінші орын Жалағаш ауданы Ішкі істер бөлімінің ақпараттық-аналитикалық тобының аға инспекторы полиция майоры Ержан Есеналиевке берілді.
Жеңімпаздар Департаменттің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.                                     
20 маусым 2018 ж. 920 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области