МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ

Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 12 әдіскер қатысып, байқаудың 4 шарты бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде – қызылордалық Ғабит Жалижанұлына бұйырды. Ол М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің әдіскері сондай-ақ, І орынды – Шиелі ауданына келген Н.Бекежанов ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Айшахан Молжігіт жеңіп алды. ІІ орынды – Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Бауыржан Ізмағанбетов пен аралдық Гүлжан Әйтімова алды. ІІІ орынды – Жалағаш ауданынан келген Гүлнұр Мырзалиева мен Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылдық клубының әдіскері Айгүл Қосқожаева иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталса, өзге қатысушылар да Алғыс xаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын алды. 


