Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢ ТӨМЕН ЖАЛАҚЫНЫ ҰЛҒАЙТПАҚ

ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢ ТӨМЕН ЖАЛАҚЫНЫ ҰЛҒАЙТПАҚ


ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов тұрғындардың табысын көтеру үшін жасалатын кешенді жұмыс жайлы баяндады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Оның сөзіне қарағанда, үш бағыт бойынша шаруа атқарылып жатыр. Біріншісі – ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі.
"Бүгін ол 28 мың теігені құрайды. Түрлі жолдар қарастырылып жатыр: бірнеше пайызға да, 1,5 есеге де. Әзірге бұл Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі деңгейінде талқыланып жатыр", – деді ол ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.
Екінші маңызды аспект іскерлік белсенділікті жандандыру. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, кәсіпорындар көп болып, бизнес байыған сайын олар қызметкерлеріне көп жалақы төлей алады.
Үшінші бағыт – көлеңкелі экономикамен күрес. Бұл бөлімге қандай да бір санкциялар қолданылумен қатар ынталандыру шаралары да кіреді.
"Банк карточкасымен көмегімен жасалған айналымға салықты төмендетуге дейінгі түрлі шараларды қарастырамыз. Адам карточкамен төлем жасағаны үшін салықтық бонустар енгізуді де қарастырып отырмыз. Аталған бонустармен ол көлік, мүлік салықтарын төлей алады. Көптеген кәсіпорындар көлеңкеге кетіп жатады. Өйткені, айналым үлкен болғанда олар қосылған құн салығын төлеуші болады. Ал ол айналым қосымша 12 пайызды құрайды", – деп түсіндірді Дәленов.
22 маусым 2018 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области