Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСҚАНДАР ТІЛЕГІ

ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСҚАНДАР ТІЛЕГІ

Өткен жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ауданда «Сырдария ауданының Құрметті азаматтарының» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейі ашылған болатын. Бүгінде аудан тарихынан сыр шертіп, елге еңбегі сіңген тұлғаларды, рухани құндылықтарды дәріптейтін аллея мен музей жастарды тәрбиелеудің рухани ордасына айналған.
Кейінгі толқын аллеядан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан абзал азаматтардың есімін көретін болса, музейден 90 жылдық тарихы бар елі ырысты, жері күрішті мекеннің өткені мен бүгінін біле алады. Сондықтан бұл ауданға ат басын бұрған мейманның, аудан тұрғындарының өлке тынысымен танысқысы келсе бас сұғатын рухани ошағы.
Қазіргі таңда осы жерде өсіп, шалғайда жемісті еңбек етіп жүрген сыр-дариялықтар, одан бөлек, ауданға қонақ болып келген меймандар алдымен «Сырдария ауданының Құрметті азаматтарының» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейін аралап көреді. Мұндағы сырға толы Сырдария ауданы тарихымен танысып, елге қалтқысыз қызмет қылған жандарға құрмет көрсетеді. Мұндай айшықты орындардың жастарға берер тағылымы мол екенін айтып, өз пікірлерін қалдырады. Ол үшін музей қызметкерлері көпшілікке арнап «Еңбек даңқы» музейінің кіреберіс бөлмесіне «Пікір» кітабын арнап қойған. Музейді аралап, рухани қазынамен таныс болған соң аталмыш кітапқа өз ойпікірлерін, ізгі тілектерін жазып, қалдырып кетеді.
«Еңбек даңқы» музейі ашылғаннан бері «Пікір» кітабына көптеген аудан қонақтары мен тұрғындары өздерінің игі тілектерін қалдырған. Бүгінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот төрағасы, сырдариялықтар мақтанышы Жақып Қаж-манұлы Асанов кітаптың алғашқы бетіне пікір жазған. Өзінің ізгі тілегінде жерлесіміз: «Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ. Сондықтан тарихты сақтау, құрметтеу – ол баршамыздың азаматтық парызымыз. Мына экспонаттарды көріп, шынайы рахаттандым. Тереңөзек ауданының басшылығына, ең алдымен, Ғ.Қ.Қазантаевқа, мұражай ұжымына мың алғыс! Еңбектеріңіз осылай жандана берсін, Сіздерге сәттілік тілеймін» деген. Сондай-ақ, музей жұмысының жастарға берері мол, іші рухани құндылықтарға толы екенін, әлі де құнды жәдігерлермен толығып, ел үшін еңбек еткен жандар ұлықтала беретінін айтқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры А.Бердалин, Дүниежүзілік банк өкілі Қ.Манабаева, еңбекпен қамту министрлігі өкілі А.Әбдрахманова, Астана және Алматы қаласы жұмыспен қамту бөлімдерінің өкілдері, Алматы қаласынан, Жаңақорған ауданынан келген қонақтар мен аудан тұрғындары ізгі ниеттерін білдірген. Меймандар мұның жақсы бастама екенін айтып, музей тынысымен танысудағы әсерлерімен бөліссе, аудан халқы тұлғаларды көріп, олар жөнінде естеліктерін жазған. Мұның өзі ауданның өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан дара тұлғалардың өмірі жастарға өнеге екенін білдіреді, ондағы жәдігерлер де өткен күннен сыр шертеді. Сондықтан музейге барып, аудан тарихымен таныс болған соң, «Пікір» кітабына өз ойыңызды жазып, ізгі тілек қалдыруға болады.

Е.БЕРКІНБАЕВ

27 маусым 2018 ж. 768 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области