Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

«ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында барлық мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тақырыппен Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмікіндіктері» Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған форум өткізілді.
Форум Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Жиынды Департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев ашып, Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерге және жемқорлықты алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, департаменттің басқарма басшысы Б.Ізкенов, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, қалалық арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов және облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Н.Тоқбергеновалар баяндамалар жасады.



28 маусым 2018 ж. 697 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области