Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЫЛ АВТОНЕСИЕЛЕНДІРУ ҮШІН 10 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

БИЫЛ АВТОНЕСИЕЛЕНДІРУ ҮШІН 10 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

2018 жылдың басында автонесиелендіру бағдарламасы үшін 10 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Президент Жолдауының бірінші басымдығын іске асыру аясында Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту келешегі туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов айтты.
Оның айтуынша, өткен жылдары бөлінген қаражатты қоса алғанда, қазір автонесиелендіру үшін 40 млрд теңге көлеміндегі сома бар. Бұл моделіне байланысты шамамен 12–13 мың автокөлікті сатып алуға жетеді.
«Қазір бұл қаржының барлығы толық игерілді. Автонесиелендірудің бір принципі – оған салынған қаржы револьверлі түрде қайта айналымға түседі, яғни бұл револьверлі несие. Сондықтан қазір бізде несиеде өткен жылдардан қайта келіп түскен ақшалармен қосқанда, 58–59 млрд теңгедей қаржы бар. Автонесиелендіру бағдарламасы тоқтатылмайды, әрі қарай жалғасын табады», — деді А. Батанов.
Машина жасау Қазақстандағы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдығындағы басымдықты сала болып табылады. Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығы іске асырылған жылдары машина жасау қарқынды дамушы салалардың бірі болды.
2018 жылдың 5 айында машинажасау өндірісі 12,2%-ға өскен.
«Машина жасаудағы өндіріс көлемі 2010 жылдан бастап 2,3 есе ұлғайды. Машина жасаудың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2010 жылы 9% болса, 2014 жылы бірінші бесжылдықта 15%-ға дейін өсті», — деп түйіндеді А. Батанов.

28 маусым 2018 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области