Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА ТӨРТІНШІ СЕССИЯДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫМЕН БӨЛІСТІ

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА ТӨРТІНШІ СЕССИЯДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫМЕН БӨЛІСТІ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы төртінші сессия барысында жүзеге асырылатын жұмыстарды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдымызда әлі де талқыланатын мәселелер, қабылданатын заңдар, бірлесіп атқаратын шаралар өте көп. Осыған орай келесі төртінші сессияда Парламент Елбасының Жолдауы мен бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға арналған жұмыстарды одан ары жалғастыратын болады. Депутаттық корпус Үкіметпен тыңыз байланыс жасай отырып, отандық экономиканы күшейтуге, кәсіпкерлерді қолдауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға, елімізді одан ары қарай нығайтуға және демократияны дамытуға бағытталған заң қабылдайтын болады», - деді Н. Нығматулин.
Қазіргі уақытта Парламент қарауында 45 заң жобасы бар. Олардың қатарында арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар туралы, мемлекеттік статистика, мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенін реттеу, кинематография туралы заң жобалары өте маңызды болып отыр.
«Алдағы төртінші сессияда жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары, құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту барысы сияқты маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланған. Жаңа сессия басталғаннан кейін қазан айында Астанада «Инвестиция жастарға» деген халықаралық конференция ұйымдастыруға бастамашы боламыз», - деді Мәжіліс төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған Парламент үшінші сессиясын аяқтады.



30 маусым 2018 ж. 557 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области