АРАЛДЫҚ ЖАСТАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Аралда аудан жастарын тарихи жерлерімен танысуды бастап кетті.
«Менің жерім» атты тарихи ескерткіштерге экскурсия жұмыстары жүргізілді.
Арал аудандағы тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат – жастардың танымдық көз қарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен табиғатын тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді ояту болып табылады.
«Менің жерім» атты өлкетану экскурсиясына барлығы 35 студент пен жас мамандар қатысты. Жастар бірінші кезекте Ақирек ауылдық округі маңындағы «Арыстан Баб» кесенесіне, сонан соң Аманөткел ауылдық округіндегі «Бекетай» кесенесі мен «Бәсібек» сағанатамымен танысты.
Аталған саяхат барысында жастар көптеген тарихи оқиғаларды, тарихи орындар жайында халық арасында тараған аңыздар мен қызықты танымдық фактілер туралы естіп-білді.