Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ


Қызылорда облыстық музейі мен "Рухани жаңғыру" орталығы мамандары "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша "Тарих толқынында" атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды.
Саяхатқа "Рухани жаңғыру" орталығы тарапынан Қызылорда қалалық оқушылар мәслихатының белсенді жастары тартылып, ежелгі Жетіасар мәдениеті ескерткіштерінің бірі – Жалпақасар қалашығына, ортағасырлық Сортөбе қалашығына және Қорқыт ата тарихи-мемориалдық кешеніне облыстық музейдің "Археология және этнография" ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері тарихи-танымдық экскурсия жүргізді.
Саяхат барысында оқушылар ежелгі және ортағасырлық қалалардың тарихымен, сәулет өнерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оқушылар бір мезет сол уақытқа оралып, сан ғасыр бұрын өмір сүрген халықтың табанының ізі жатқан жерде тұрып, қолдарының табы қалған бұйымдарды ұстап, ерекше әсерде қайтты.
Жастар бір сәт археолог ретінде өз қолдарымен ескі керамикалық ыдыстардың сынықтарын тауып, ғасырлар арасындағы тылсым байланысты сезінді.
Саяхатқа барлығы 25 оқушы мен "Рухани жаңғыру" орталығы және Қызылорда облыстық музейінің қызметкерлері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.
18 маусым 2018 ж. 1 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области