Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

Күн тәртібінде ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Семинарға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев, ҚР Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, «Қазсушар» РМК және өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы Елбасы 2011 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылы ауылдық елді мекендердің 80 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті. Соған сәйкес 2011-2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы қабылданып, бұдан кейін бірқатар салалық бағдарламалар ықшамдалып, 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасына біріктірілді. 2015 жылы қабылданған "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы ескірген ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары аса қарқынды жүргізілді.
«Аталған бағдарламалар аясында Қызылорда облысында мақсатты әрі жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2011-2017 жылдар аралығында бюджеттен 40 млрд.теңгеден астам қаржы тартылды. Соның нәтижесінде 2,5 мың шақырымға жуық ауылішілік және сервистік жүйелер жаңартылды, 8,5 мыңнан астам су өлшегіш құралдары орнатылды. Бүгінгі күні облыстағы 265 ауылдық елді мекеннің 199-ы немесе 76,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Халық санына шаққанда, 97 пайызды құрайды», - деді облыс әкімі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 57,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, шешімін әлі таппаған тағы да бірқатар проблемалық мәселе бар. Мәселен, ауылдық елді мекендерді сумен қамту және суды бұру жөніндегі Бірыңғай операторды құру мәселесі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
«Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаевтың 2017 жылғы 22 қарашадағы №11-3/07-623 Хаттама қаулысымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері функцияларын беру мәселелерін және «Қазсушар» РМК ұсынатын бірыңғай операторды құру туралы мәселені қаржыландыру көздерін анықтау тапсырылды», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.
Сондай-ақ, комитет төрағасы орталық деңгейде Бірыңғай операторды құру мәселесі оң шешімін тапса, жергілікті жерде бұл мәселені кейбір аймақтар ғана қолдағанын айтты.
Атап өткен жөн, Қызылорда облысында республикада алғашқылардың бірі болып 2017 ж. 1 маусымынан бастап Филиал негізінде сумен қамту және суды бұру жөніндегі Бірыңғай операторы құрылды. Атап айтқанда, жергілікті сумен қамту жүйелері коммуналдық меншіктен республикалық меншікке, яғни «Қазсушар» РМК «Арал» ОДСП филиалының теңгеріміне берілді.
Семинар-кеңес барысында Қызылорда облысының тәжірибесі туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов баяндап берді.
«Облыста сумен қамту жөніндегі Бірыңғай операторды құру тарихы 2012 жылы басталды. Атап айтқанда, республикада алғашқылардың бірі болып 2017 ж. 1 маусымынан бастап Филиал негізінде сумен қамту және суды бұру жөніндегі Бірыңғай операторы жұмысын бастады. Бірыңғай операторды құру суды соңғы тұтынушыға жіберу бойынша қызметтерді тиімді, сапалы әрі жүйелі өткізуге әрі құрылғыларды пайдалану және жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Серік Сүлейменов.


23 шілде 2018 ж. 626 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области