Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетіп, арбауына түсетіндердің дені –жастар. Сондықтан олардың жат ағымдардың теріс идеологияларына қарсы иммунитетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары жастармен жиі кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Дәл осындай шара «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында өтті. Жиында орталық мамандары мен облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жастарға қазақ халқының әдет-ғұрыптары жайлы әңгімелеп, деструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіптілігін түсіндірді.
– «Әсіредіншілдер ұлттық құндылықтарды жоққа шығарып, қазақ халқының салт-дәстүрін жойғысы келеді. Негізінен қазақ халқы қандай ырымды болмасын діни негізге немесе табиғи құбылыстарға қарап шығарған. Түп-төркініне үңілсек үлкен мән жатыр. Ал, түзу діни бағытты ұстанғандар қазақи құндылықтарды жоққа шығармайды. Сондықтан имандылыққа бет бұрған жастар жат ағымдарды осындай әрекеттері арқылы ажыратып,сақтануына болады» - дейді кездесуде АТТ мүшесі Сәкен Алдашбаев.
Кездесуде орталықтың бөлім басшысы Самат Памбетов жастарға имандылық жолын интернеттен іздемеу қажеттігін түсіндірді. Ғаламтордан діни сауатын ашқысы келгендердің ақыры адасуға апаратынын жеткізіп, мешіт имамдарынан дәріс алудың абзал екендігін айтты.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы




24 шілде 2018 ж. 1 127 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области