Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ ЕНГІЗУ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ ЕНГІЗУ


2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың табыстарын декларациялау жүйесі енгізіледі және бұл ауқымды шара «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 42-қадамын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізудің мақсаты - көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады. Жаңа жүйені енгізу салықтық әкімшілендіруді барынша қамтуға мүмкіндік береді және салықтарды толық төлеуді қамтамасыз етеді.
2020 жылы Декларацияны кімдер тапсырады:
▪ Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
▪ кәмелетке толмағандар - егер оларда мүлік тіркелсе немесе табыс алса;
▪ шетелдіктер - Қазақстан Республикасының аумағында меншігі немесе үлесі болған кезде.
Алдын-ала есептеу бойынша, 2020 жылы 18 жасқа толатын тұрғындар санатын ескерсек, шамамен 400 мыңнан астам қызылордалықтар декларация тапсыратын болады деп күтілуде.
Жалпыға бірдей декларациялауды ендіру мақсатында 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы» бекітілді және жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде берілген декларацияда жеке тұлғалар көрсетуіге тиіс ақпараттар тізімі анықталды.
Бастапқы декларацияны тапсырған кезде жеке тұлғалар өз аттарындағы тіркелген барлық жылжымайтын немесе жылжитын мүліктердің тиісті тіркеу деректерін (реквизиттерін) көрсетеді. Оған жердің кадастрлық нөмірі, орналасқан мекен-жайы, автоколіктің маркасы, vin-коды, қозғалтқыш көлемі, мемлекеттік нөмірі, банктегі қаражат сомасы немесе қолдағы қаражаты,иелігіндегі жеке мүлкі мен шетелдегі мүлкі, заңды тұлғаларға қатысты құрылтайшы болуы немесе қатысу үлесі сияқты деректер толтыруға жатады. Бұдан басқа, жеке тұлға мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түрінде басқа да мүлікті көрсете алады.
Әрі қарай табыстың және мүліктің декларациясы жыл сайын толтырылатын болады, ол 2 нысан бойынша қарастырылған - 270.00 кеңейтілген нысаны, 260.00 қысқаша нысаны.
Кеңейтiлген декларацияда жыл ішіндегі пайда болған және шығысталған табыстар көрсетіледі, салықтық шегерiмдер, жылжымайтын мүлiк, көлiк, бағалы қағаздар, меншiктi капитал, инвестициялық алтындар, туынды қаржы құралдары сатып алынған немесе иелiктен шығарылғанда.
Кіріс пен мүліктің қысқаша декларациясын (бір парақта) зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар ұсынады. Осылайша, бір жыл ішінде басқа ешқандай табыс алынбағанын растайды.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі заңсыз табыстарды анықтаумен қатар, азаматтардың салық төлеуші ретінде мәдениетін қалыптастырады, яғни салықтық міндеттемесін орындауға деген өзіне талабы жоғарылайтын болады деп күтілуде.

24 шілде 2018 ж. 647 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области