Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?


         2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ендірген электронды декларациялаудың Астана-1 ақпараттық жүйесі экспорт режимі бойынша іске қосылды.  Бұл жаңа жүйе  Бүкіләлемдік сауда ұйымының  талаптарына және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден заңнамасына сәйкес сауданы жеңілдету мақсатында жасалған.
          Бұған дейін 2017 жылдың 1 қазанынан бастап аталған жүйенің «Транзит» модулі енгізілген болатын.  Жүйенің көп функционалдылығы және бірнеше ақпараттық бағдарламаларды бір негізгі платформаға біріктірілуі ескеріле отырып, Астана-1 жүйесі кезең-кезеңмен ендіріле бастайды.
         Біріктірілген тариф және форматты-мазмұнды бақылау ендірілген деректердің нақты уақытпен толық тексерілуіне мүмкіндік береді, кедендік салықтар мен төлемдерді автоматты түрде есептеп, өндіруді жүзеге асырады.
         Электронды декларациялау деректерді толықтай кодпен цифрландырады және декларацияны толықтай өңдейді. Деректердің өңделуін жүзеге асыра отырып, жүйе тауарды айналымға шығару үшін белгілі бір «дәлізді» таңдайды: ол «тәуекелді дәліз» немесе «жасыл дәліз» болуы мүмкін.
        Тәжірибеде байқалғандай, декларацияны өңдеу және жасыл дәлізбен шығаруға 1 минуттан аз уақыт жұмсалады екен. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аумағында 2018 жылдың қаңтар айында 90 декларация экспорт режимінде электронды өңделіп, шығарылды.   
        Электронды декларациялауды ендіру, яғни тауарды тазартудың жедел жүйесі Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға және еліміздің инвестициялық тартымдылығын көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде.
         Б.Орданова,
         Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы

08 ақпан 2018 ж. 831 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области