Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН КОДЕКСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН КОДЕКСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


    Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Салық және Кеден кодексінің ерекшеліктерін, толықтырулар мен өзгерістерін түсіндіруге арналған  семинар өткізді. Семинарға қаладағы ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер, шағын және орта бизнес нысандары өкілдері қатысты.
    Семинар жұмысына департамент басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков  модераторлық етті.
    Бизнес қауымдастықтың пікірлерін ескере отырып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеген еді. Соңғы жарты жылда түрлі деңгейдегі талқылаулардан өткен осы кодекс 1 қаңтардан бастап күшіне еніп отыр.
    Қазақстанның жаңа даму сатысы және әлемдік экономикалық даму қарқынына ілесуі, салық-бюджет саясатына көп байланысты.  Елбасының салық саясатын оңтайландыру мен жетілдіру  бағытындағы Жолдауда белгілеген тапсырмаларының және «100 нақты қадам» ұлт жоспарының орындалуы шеңберінде қолданыстағы  заңнамалық құжаттар көптеген өзгерістерге ұшырады.
    Жаңа Кодекс салық салу идеологиясын өзгертіп, салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, әкімшілік қызметті жеңілдетуге бағытталған. Яғни, халық салықты өз бетінше төлеуге ынталанатын болады деген мақсат.
    Жаңалыққа сәйкес барлық түсініксіз баптар мен қателер салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады. Бұл салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік беруді көздейді. Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет етсе, бірақ кейін ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбау ұсынылады.
    Жаңа Салық кодексі 88 тараудан, 773 баптан (бұрынғы кодексте 687 бап) тұрады.  Өзгерістер барлық саланы қамтиды. Жекелеген тиімсіз жеңілдіктер алынып тасталды. Мысалы: Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты, БСҰ-ның талаптарына қайшы жеңілдіктер алынып тасталды. Енді ішкі өндіріс тауарлары мен импорт тауарларына бірдей шартта салық салынатын болады.
    Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режимдері сақталған. Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 11 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендетілген.
    Заңға жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы да бірқатар өзгерістер енгізілген.
    Ал салықты патент бойынша төлейтін салық төлеушілердің жұмысын жеңілдету үшін де бірқатар жаңалықтар бар.
    Жаңа кодекс жеке тұлғалардың несие бойынша қарыздарын кешірген кезде жеке табыс салығынан босатуды ұсынады. Салық төлеушілерге жер және мүлік салығын бір жыл кейінге қалдырып төлеуіне рұқсат берілді.
    Түптеп келгенде, жаңа Салық кодексі адал салықтөлеушінің мүдесін қорғайды. Ынталы салықтөлеушіге бақылау азаяды, есеп тапсыру және қарыз сомасын төлеу жағдайларында жеңілдіктер қарастырылады. Заң нормаларының 2019 жылы, 2020 жылы қолданысқа енгізілетін тараулары мен баптары бар.
    Сонымен қатар, биылдан бастап жаңа «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кеден кодексі қолданысқа енді. Бұл құжат кедендік операцияларды жеңілдетуге және жеделдетуге, отандық бизнестің уақытын және қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған. Оның негізгі идеясы халықаралық сауданың дамуына жәрдемдесу болып отыр. Кеден кодексінің негізгі жаңалығы – электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы. Яғни, енді қағаз түріндегі декларациялау тек қана апаттық және ақпараттық жүйе ақауларының анықталуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады. 2018 жылдың 1 қаңтарында электронды декларациялаудың Астана-1 ақпараттық жүйесі экспорт режимі бойынша іске қосылды. Бұл жаңа жүйе Бүкіләлемдік сауда ұйымының Келісім  талаптарына және Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден кодексіне сәйкес жасалған. Біріктірілген тариф және форматты-мазмұнды бақылау ендірілген деректердің нақты уақытпен толық тексерілуіне мүмкіндік береді, кедендік салықтар мен төлемдерді автоматты түрде есептеп, өндіруді жүзеге асырады.
    Жаңа Салық және Кеден заңнамасын түсіндіру кездесулері барлық аудандарда да өткізілді.
    Б.ОРДАНОВА,
    Қызылорда облысы бойынша
    мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы

12 қаңтар 2018 ж. 892 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области