Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ КҮТІЛУДЕ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ КҮТІЛУДЕ

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан халқы табыстар мен шығыстарды декларациялау жүйесіне көшеді.
  Яғни, барлық жеке тұлғаларға 250.00 нысанды «жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы» декларацияны табыс ет міндеттеледі.
Бұл шараның негізгі мақсаты — көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың табысын және мүлкін басқару жүйесін құру. Сондай-ақ, салық жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.
  Декларацияны Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар, кәмелетке толмаған тұлғалар - оларға тіркелген мүлік болған немесе олар кіріс алған кезде, шетелдіктер - Қазақстанның аумағында мүлігі болған немесе өз бетімен (төлем көзінен емес) салық салуға жататын қазақстандық көздерден кіріс алған кезде тапсырады.
  Жалпы табысы мен меншігіндегі мүлкі туралы декларацияда мынадай ақпараттар көрінуі қажет:
5.Мүлкі туралы (ақшалар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, жер учаскелері, көлік құралдары және басқасы);
6.Жария етілгенін қоспағанда, жалақының ең төменгі мөлшерінің 500-еселенген көлемінен аспайтын (28284Х500=14 142 000 теңге) қолда бар ақша қаражаттары;
7.Банктік мәліметтері (депозиттер, несиелер). Бұл жерде жеке тұлға өздігінен тек шетелдік банктер бойынша ақпаратын көрсетеді. Мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстандық банктердегі депозиттер мен несиелер туралы ақпараттар қолжетімді болуы себепті, жеке тұлға оны көрсетпейді.
8.Жалақының ең төменгі мөлшерінің 500-еселенген көлемінен аспайтын (28284Х500=14 142 000 теңге) сомаға қарызы бар екендігін растайтын келісімшарт немесе басқа құжаты негізінде жеке тұлғаға немесе жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында қарызы туралы мәлімет.
Жеке тұлға өз тілегіне қарай келесі нәрселерді көрсетуге құқылы:
•Мемлекеттік мәдени құндылықтар тізімдемесіне енгізілген мәдени құндылықтар;
•биологиялық активтер (мал-құсы, балық және өсімдік тектес меншігі);
•бір бірлігі 500-еселенген ең төменгі жалақы көлемінен асатын (28284Х500=14 142 000 теңге) сомадағы бағалы тастар және металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар, құрамында бағалы тастары мен металдары бар басқа да нәрселер, сонымен қатар, өнер туындысы және антиквариаттар. Бұндай құнды заттарды растайтын құжаттары болуы тиіс.
•бір бірлігі 500-еселенген ең төменгі жалақы көлемінен асатын (28284Х500=14 142 000 теңге) сомадағы, растайтын құжаттары бар, басқа да құнды заттар.
Декларация тапсыру мерзімі: егер жеке тұлға қағаз жүзінде табыстайтын болса - 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін, жеке тұлға электронды түрде тапсыратын болса, онда 2020 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей.

С.Қазбекова,
Қызылорда облысы бойынша МКД
бас маманы

10 сәуір 2018 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области