Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ» КӘСІБІНЕ ЖОЛ АШТЫ

«БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ» КӘСІБІНЕ ЖОЛ АШТЫ

Бүгінгі таңда Сыр өңіріндегі Нағи Ілиясов ауылы айрықша көркімен ғана емес, кәсіпкерлік саласындағы жұмысымен де көпке үлгі болуда. Мұнда кәсіпке ден қойып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатары күн өткен сайын артуда. батырлар атындағы ауылда екі мыңнан астам адам тұрады.
Ауыл әкімі Сағдат Нұрмағамбетовтің айтуынша, нақты кезеңде ауылда 42 кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген. Қазіргі уақытта оның 32-сі белсенді жұмыс тұр. Осы жылдың өзінде 8 азамат ресми кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмысын бастап кетіпті.
Бұған қоса, ауыл әкімі Кәсіпкерлер палатасының «Бизнес-кеңесші», «Бастау» оқу курстарының ауыл азаматтарына іс бастауға айтарлықтай көмек болып отырғандығын да жеткізді.
– Мәселен, «Бизнес-кеңесші» курсын оқып, іс бастаған тұрғындардың бірі – Арысбек Байназаров. Ол Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, «Бизнес-кеңесші» жобасына қатысады. Бизнес сауаттылығын арттырған Арысбек бизнес-жоспарын жасап, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан 3 млн. теңге несие алды. Жастайынан малдың жайын жақсы білетін ауыл тұрғыны қазір мал бордақылаумен айналысуда, - ауыл әкімі Сағдат Нұрмағамбетов.
– Қазір жұмыс істеймін, шаруашылықпен айналысамын деген адамға мемлекет тарапынан мықты көмек көрсетіліп жатыр. Бұрын мұндай жұмыспен айналыспай тұрғанда жеңілдетілген несие алып, іс бастап қиын деп ойлайтынмын. Кәсіпті қолға алғаннан бастап ауыл әкімінен бастап салаға қатысы бар барлық мамандар, соның ішінде Кәсіпкерлер палатасының мамандары құжаттарды жинақтауға, қаржыландыру барысына дейін көмектесті. Алғысым шексіз. Алдағы уақытта мал басын көбейтсем деген жоспарым бар», - дейді кәсіпкер Арысбек Байназаров.
Кәсіпкер несиеге алған қаражатына жылқы мен ірі қара малын сатып алып, бүгінде кәсібін өрлетіп отыр. Отбасылық бизнес болғандықтан жұбайы Ақгүл екеуі малдың бабын бірігіп жасайды.
Ақгүл биені де, сиырды да сауып, ұқсатып отыр. Берекелі отбасының дастарханынан әрдайым құрт, май, айран, қымыз үзілмейді. Ал артылғанын ауыл тұрғындарына сатып, қалаға өткізеді. Бастапқыда жем-шөптен қиналамыз ба деп жүрексінген кәсіпкер ауыл тұрғындарына «Абзал және К» серіктестігінің арзан бағада, кейде тегін жем-шөп беретіні көмек болғанын айтып отыр.
Кәсіп иесінің ендігі мақсаты мал басын көбейтіп, жыл бойы сауынмен айналысу және бірнеше адамды жұмыспен қамту.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

25 шілде 2018 ж. 712 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области