МАРСТАН СУ ТАБЫЛДЫ
Болонья Ұлттық астрофизика институтының ғалымдары Марста шынында су бар екенін дәлелдейтін мәліметтерді жариялады. Осыған дейін ғалымдар Марста кейде мұздың еруінен судың болуы мүмкіндігін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететінін мәлімдеген болатын. Енді Марста тұрақты түрде су бар екені туралы дәлелдер пайда болды. Астрономдардың бұл мәліметтері Science журналында жарияланды, деп хабарлайды massaget.kz.
Зерттеушілер мұндай қорытындыға 2012 жылғы мамыр мен 2015 жылғы желтоқсан аралығындағы "Mars Express" орбиталық зондымен жасалынған оңтүстіктегі Марс массасының 29 радиолокациялық бейнесін талдағаннан кейін келіп отыр. Ғаламшардың оңтүстік полюсіндегі -68 ° С температурадағы мұздың тереңдігі 1,5 шақырым. Дәл осы мұз астында зерттеушілер кішігірім көл бар деп отыр.
Зерттеудің жетекшісі Роберто Оросеидің айтуынша, радар суреттерінде шынында да көл түсірілген. "Дегенмен, мұны дәлелдеу үшін біріншіден, біз 1,5 шақырымдық мұзды бұрғылауға қабілетті роботты дамытуымыз керек", – дейді ғалым.