ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында «Қамбаш» балалар тынығу лагерінде іс-шара өтті.
Акция аясында «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің белсенді қатысуымен жемқорлыққа қарсы тақырыптарда өлеңдер оқу, флешмобтар, «Жемқорлық індет – жою міндет!» пікірсайысы, «Қозғалыс – денсаулық кепілі!» эстафеталық ойындар, шағын футбол турнирі, «Жемқорлық балалар көзімен!» тақырыбында бормен суреттер салу және «Жемқорлықсыз болашақ!» атты өнерпаздар концерті өткізілді.
Іс-шара соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында «Бір үйдің баласындай» атты кешкілік достық алауы жағылды.
Өткізілген іс – шараларда белсенділік танытып, өзінің терең білімі мен тапқырлығын көрсеткен оқушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйылықтармен марапатталды.