Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ДӘМЕТКЕН» МЕЙІРІМДІ-САУЫҚТЫРУ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ

«ДӘМЕТКЕН» МЕЙІРІМДІ-САУЫҚТЫРУ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тарихи мекеннің рухани дамуына өзгеше серпін берді. Киелі өнерді, қасиетті орындарды қадір тұтып, қастерлеудің өзіндік жолын қалыптастырған қармақшылықтар қалтарыста қалған қазыналарды қайта жарқыратуға ден қойды. Әргі-бергідегі асылдардан қалған мұраларды түгендеп, абзал азаматтардың атын жаңғыртуды қолға алды. Бұған қоса, аталған ауданда «Туған жер» бағдарламасы сәтімен жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, «Туған жер» бағдарламасы қазақстандықтарды жаппай отансүйгіштікке баулиды. Жалпы, «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы аясындағы «Туған жер» патриоттық жобасы әр түрлі бағыттарға ие. Бір жағынан, бұл кәсіпкерлердің тікелей қолдауымен және өздерінің туған жері – аудан, қала мен ауылдарға деген жанашырлық болса, екінші жағынан, мектеп оқушылары үшін туған өлкені, оның қасиетті жерлерін, сондай-ақ ата-бабаларымыздың және жерлестеріміздің тарихын зерттеуге бағытталған кең ауқымды іс-шара.
Туған өлкеге деген ерікті көмек шынымен де елімізде жаппай құбылысқа айналды. Кәсіпкерлердің көптеген бастамасы туралы ақпарат күн сайын тарап жатыр. Мысалы, Қармақшы ауданы орталығы Жосалы кентінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Дәметкен» мейірімді мәдени-сауықтыру орталығы ашылады.
Киелі мекен Қармақшыдан жырақта жүріп, өзге өңірде қызмет жасап жүрген бірқатар тұғырлы азаматтарымыз туған жерге маңдай тіреп, атамекеннің мәдени-рухани, әлеуметтік өсуіне септігін тигізуде. Аталған орталықтың ашылуын қолға алған – «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Зарқұм Бекжанов.
Зарқұм Сартайұлы 1938 жылы Қармақшы ауданына қарасты Диірментөбе стансасында өмірге келген. Ол Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры. Зайыбы Дина Базаралықызы Исмайлова – 1951 жылы Семей облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық медициналық университетінің бала аурулары кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР «Алтын дәрігер» белгісінің иегері.
Инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалардың өз күшіне деген сенімін арттыру арқылы басқа балалармен қарым-қатынас жасауы.
«Туған жер» бағдарламасы аясында Жосалы кентінен Зарқұм Бекжанов ашқалы отырған мейірімділік орталығының басты мақсаты да осы. Мұнда алдағы уақытта балаларға арналған емдік дене шынықтыру, арт-терапия, еңбекке баулу, сурет салу, компьютерге үйрету үйірмелері, сондай-ақ логопед-дефектолог пен психолог кабинетін ашу жоспарда бар.
Айта кетейік, туған жердің патриоты өз қаражатына салып жатқан «Дәметкен» мейірімді-сауықтыру балалар орталығы тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді. «Жақсылық та күн сияқты, жан-жағына шуақ шашып тұрады» деген осы.
Президенттің бағдарламасына үн қосып, өзі түлеп ұшқан туған жеріне қайырымдылық жасаудан еш аянбаған осындай азаматтардың барына қуанасың.

Қармақшы ауданы

06 тамыз 2018 ж. 1 029 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области