Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨСУ КӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ...

ӨСУ КӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ...

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі мақсаты – даму, халықтың сана-сезімінің, руханиятының деңгейін көтеру. Осы ретте біз америкалық автор Джеффри Уэсттің қаламынан туған «КӨЛЕМ: компанияның, ұлттық экономиканың, тірі ағзалардың өмір сүру және даму қарқынын арттыруының, инновацияның әмбебап өсім заңы» кітабынан үзінділер мен пайдалы кеңестер ұсынбақпыз.
Өсу мен даму – тірі ағзалардың барлығына міндеттелген парыз. Адам өсу арқылы жетістіктерге қол жеткізеді. Даму арқылы биік шыңдарды бағындырып, адами болмысын нығайта түседі. Өмір атты даңғыл жолда барлық уақыт даму мен адами тұрғыдан өсуге бағытталуы тиіс. Өйткені, жаратылыс солай. Адам ағзасы, жалпы тіршілік иелерінің ағзасы әрдайым даму үстінде болады. Ал қартайғанда даму үдерісі кейін қарай кетпейді. Даму үдерісі тоқтап, бір орында тұрып қалады.
Міне, көрдіңіз бе, егер сіз даму жолындағы ізденісіңізді тоқтатсаңыз, қартайған адамның сырт бейнесі сияқты жан дүниеңіз бен ой-санаңыз да шау тарта бастайды. Сондықтан, әрбір минуттың қадірін біліп, әрбір сәтті пайдаланып, қуаныш пен шаттыққа толы өмір сүруге дағдылануымыз керек.
Автор өз кітабында кәсіп бастауға ниеттенген азаматтарға төмендегідей ақыл-кеңесін береді.
«Егер сіз қандай да бір өндіріс орталығын немесе компания ашқыңыз келсе, алдымен әлеуметтік желілерде, ғаламторда мониторинг жүргізіңіз. Бұл кәсіптің сәтті немесе керісінше болуын болжауға мүмкіндік беретін әдіс. Егер тұрғылықты мекеннен аша салып, оның саудасы жүрмей, тұралап қалса, материалдық қысым адам санасына да әсер етеді. Осыдан келіп дағдарыс деген дүниенің шеті көріне бастайды», - деді Джеффри Уэст.
Кәсіп бастау – бүгінгі нарықтық заманда қалта қалыңдатудың бірден бір жолы. Бірақ қандай кәсіп түрімен айналысу, қандай кәсіптің өтімді екенін анықтау – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін кәсіби білім, іс-тәжірибе қажет. Біздің азаматтарға бұл тұрғыда батылдық керек.
Әлемде «Ең үлкен тәуекел – ешқашан тәуекел етпеу» деген ұғым бар. Барлығына қол жеткізу, әлбетте, мүмкін емес. Кейде жолы болғыш азаматтардың кәсібі, бастамасы бірден оңалып, тез арада жеміс бере бастауы кәдік. Бірақ кездейсоқтыққа сеніп, басыңды жарға ұру – ақымақтыққа пара-пар шешім.
Сондай-ақ, Уэст өз кітабында ғаламның құрылысын, ең ірі жануарлар мен өте ұсақ ағзаларды салыстыру арқылы тіршіліктің әрбір тірі дүние үшін өзіндік маңызы бар екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ғаламшардың болашағы туралы сөз қозғай келіп, алдағы уақытта халықтың қала мәдениетіне толық көшетінін тұжырымдайды.
Джеффри Уэст өзінің осынау бір терең психологияға, философияға негізделген еңбегінде өлім мен өмірде бітірген іс-әрекетіңнің салмағын салыстыра отырып, бағамдайды. Оның айтуынша, бірсарынды өмір сүріп, 100 жасасаң да, үлкен ғылыми ашылулар жасаған ғалымның жиырма жылғы өміріне татымайды.
Даму бағытындағы ел үшін де, адам үшін де үнемі ізденіс үстінде болу шарт. Өйткені, ізденіс арқылы адам өзіне тың нәрселерді тауып, жадының көлемін кеңейтеді. Содан кейін оның білімін іске асыруға деген құлшынысы оянады.
Автордың бұл туындысын көпшілік биологиялық еңбек ретінде қабылдап жатады. Бажайлап көз жіберіп, шындап зер салсаңыз, бұл жерде әлдебір биологиялық ашылу немесе аталған ғылымға қатысты жаңалық жоқ. Ия сол таныс ұғымдар мен таныс терминдер...
Кітаптың терең психология мен философияға негізделгенін атап өттік. Сондықтан, мұның астарында жәндіктердің тіршілігінен мысалдар келтіре отырып, адамдарды талпынысқа, еңбекке шақыру мүддесін көздеген.
Ия, рас, адам баласы барлық нәрсені іске асыруға қабілетті. Тек жалқаулықты жеңіп, желкеңнен жұлып алып тастасаң жетіп жатыр.

08 тамыз 2018 ж. 913 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области