Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАҚСАТТЫ ҚАЛАЙ ҚОЮ КЕРЕК?

МАҚСАТТЫ ҚАЛАЙ ҚОЮ КЕРЕК?

Бүгінгі қоғам бәсеке мен мүмкіндікке толы. Кім мықты – сол жеңімпаз. Ал өзіне сенім білдіре алмағандардың бәрі көш соңында шаң жұтып қала бермек. Жетістікке жету жолында қандай қағидаларды басты назарда ұстаған абзал? Бұл – барлығының көкейін тесіп, мазалап жүрген сұрақ. Қоғамдағы үлкен бәсекені жеңіп, жетістіктерге жеткіңіз келе ме? Онда біздің кеңесімізге көз жүгіртіңіз.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында прагматизм және бәсекеге қабілеттілік бағыттарын міндеттеп берген еді. Дәл осы екі қасиетті бойға сіңіру үшін әрбір қазақстандық алдына айқын мақсат қоюы керек. Анық мақсат нақты қадамға жалғасса, жетістік шыңына жетелейтін дара һәм даңғыл жолға айналады.
Мақсат қою – барлығына нәсіп болған қасиет. Ал дұрыс, айқын мақсат қою білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Дегенмен, даму көшінің алдыңғы легінде келе жатқа еліміздің қарқынын одан әрі арттыру үшін бүгінде әрбір қазақстандық айқын мақсат қойып, нақты қадам жасау арқылы жетістікке жетуге міндетті. Ал айқын мақсатты қалай қою керек?
Мақсат пен арман өте ұқсас дүниелер. Расында, мақсат арманның ой-санада пісіп, айқындала түсуінен пайда болады. Кейбір адамдарда армандаған дүниесі мақсатқа айнала алмай, сол күйі өшіп жатады. Бұл сөзіміз жалған емес.
Әрбір күн сайын сіздің арманыңыз көбейе түседі. Дегенмен, ой түкпірінде үлкен арманыңыз бұғып жатады. Бірақ көпшілік сол нәрсенің орындаларынан әбден күдер үзіп, болмашы тіршілікке алданып жүре беретіні бар. Жоқ! Бұл – қате бағыт. Өз арманыңызды орындау үшін ойыңызға алған жетістікке жету жолдарын ойша саралаңыз.
Алдымен өзіңізге ең қажетті деп тапқан межеңізге жетер жолды бағамдап алыңыз. Содан кейін сол бойынша әрекет етіңіз. Егер дәл осы бағытты ұстанар болсаңыз, мақсатыңыз орындалып, жемісін көре бастауыңыз шарт.
Мақсат қойғанда бірнеше дүниелерге жіті назар аударғаныңыз абзал. Бұл қасиетті бойыңызда дамытсаңыз, онымен бірге, бірізділік, тұрақтылық, сабырлылық, қайсарлық сияқты тамаша қасиеттер қоса дамиды.
Нақты мақсат қойып үйреніңіз
Біз мақсат қойғанда, көбіне-көп материалдық қажеттіліктерге қол жеткізуді армандаймыз һәм жоспарлаймыз. Мысалы, пәтер жағалаудан шаршап, ақшаңызды жиып, үй алғыңыз келсе, келесі талаптарды орындаңыз. Алдымен баспана саламын деп жинайтын ақшаңыздың салым сомасын көбейтпесеңіз де азайтпауға тырысыңыз. Сонымен қатар, үйдің жобасын, бөлмелер санын, қандай материалдардан тұрғызатыныңызды әбден жоспарлап алыңыз. Көлік немесе басқа да қажеттіліктерді де алғанда осы талаптарға мән бергеніңіз дұрыс.
Мақсатыңыз қанша уақытта орындалуға тиіс?
Өз алдыңызға мақсат қою барысында көздеген дүниеңіздің орындалу уақытына мән беріңіз. Жобамен уақытты ұзартып немесе керісінше қысқартып тастауға жол бермеңіз. Сіздің көздеген межеңізге жету уақыты нақты болуы тиіс. Әйтпесе сіздің мақсатыңызды орындауға деген құлшынысыңыз төмендеп кетуі ықтимал.
Мақсатыңыздың қолжетімділік деңгейі
Арман мен қиялдың шекарасы жоқ. Ал мақсат қоюдың бітімі бөлек. Алдыңызға мақсат қояр кезде арманға берілгеннен гөрі өзіңіздің қарым-қабілетіңізге қарай жоспар жасаған жөн. Егер асыра сілтеп, аспандағы айды алуға ұмтылсаңыз, кейіннен ол межеңізге жете алмай қалуыңыз бек мүмкін. Содан кейін адамның рухани құлдырау кезеңі басталуы да ғажап емес. Міне, сондықтан, қолжетімділік деген дүниені мүмкіндігінше естен шығармаңыз.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бірнеше бағытты қамтитынын білеміз. Бүгінгі дәуір тынысымен қатар тыныстаған азаматтар сол бағыттардағы міндеттемелерді жүзеге асыру үшін айқын мақсаттар мен нақты қадамдар жасауы керек. Міне, біздің редакция осы себептен азаматтардың қаперінде болсын деп мақсат қоюдың маңызы туралы ақпарат беруді жөн деп есептеді. Ендеше біз айтқан маңызды дүниелер есіңізде болсын.
Айқын мақсат нақты қадаммен ұштасса, болашақ жарқын болары анық. Жарқын болашаққа нақты қадаммен аяқ басалық!

09 тамыз 2018 ж. 2 071 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области