ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН МАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰСТАЛЫП ҚАЛДЫ
Шымкентте жолда ереже бұзған көліктің ішінде екі полицей болған. Ішімдікке сылқия тойып алған олар әріптестеріне қарсы шыққан деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 12 тамыз күні орын алыпты. Жол ережесін бұзып келе жатқан полицейлер жолда ұсталған көрінеді.
Мәлімет бойынша, көлік рөлінде Маңғыстау облысының учаскілік полицейі болған. Ал оның қасында Түркістан облысының полиция инспекторы отырыпты.
Ішкі істер департментінің мәлімдеуінше, мас полицейлер Шымкенттің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің айтқанын орындамай, күш қолданған.
Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.