Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕМДЕГІ ОЗЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ҮЛГІСІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

ӘЛЕМДЕГІ ОЗЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ҮЛГІСІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша алғашқы 18 оқулық жарыққа шығып, төбеміз көкке жеткендей болды. Елбасы тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдарына баса мән беріп, өскелең ұрпақтың сауатты, бәсекеге қабілетті, ойы ашық, пайымы терең болып қалыптасуына ерекше мән беріп келеді.
Әрқайсысы 10 мың данамен шыққан 18 оқулық қазіргі еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларына жеткізілуде. Бұл шын мәнінде тарихи оқиғаға пара-пар жаңалық.
Бір айта кетерлігі, бұл оқулықтар сатылмайды, жоғары оқу орындарының кітапханаларына тегін берілуде. Елбасы ұсынысымен қолға алынған келелі істің игілігін қазақстандық студенттер мен ғалымдар,кәсіпкерлер көреді.
Әлемнің маңдайалды 100 университеттің бағдарламасына енген, мазмұны өзекті, заман талабына сай құнды дүниелерді оқулық деп айтудың өзі аздық етеді. Бұл – ғылымның бастауы. Оның үстіне, оқулықтарды аудару барысында үш мыңнан аса ғылыми термин, ұғым мен түсінік жинақталып, ұлттың тілі құнарлана түсті. Ең бастысы, әлемде жоғары сұранысқа ие болып отырған құнды кітаптар ағылшын тілінен тікелей қазақшаланып, мән-мағынасын, шұрайын сақтап қалды. «Рухани жаңғырудың» жемісі қазақстандық студенттердің жоғары оқу орындарындағы білімін шыңдай түседі, өмір даңғылындағы бағдаршамның рөлін атқарады.
Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындары оқитын оқулықтар енді қазақ тілінде де қолжетімді. Соның ішінде, атап өтетін оқулық – Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб жазған «Төртінші индустриялық революция».
Бұл туынды қазіргі технологиялардың адамзат өміріне әкелетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндайтын ойлы зерттеу.
Бүгін біз өмірімізді, жұмысымызды, күнделікті қарым-қатынасымызды түбегейлі өзгертетін өнеркәсіпке негізделген инновациялық индустриялық технологиялар революциясының бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі жағынан осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы революциялық құбылыстардың барлығынан асып түседі.
Біздің жасампаз ұрпақ жасанды интеллектінің, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және басқа да ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық индустриялық революцияға куә болмақ.
Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл туынды адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті ортаға арналған.
Асылы, талапқа сай беріле, түсіне, аса ыждағаттылықпен, табандылықпен оқылған қай туынды да оқырманын ойлантпай қоймасы даусыз. Әсіресе, ұсынылып отырған қазақ тіліндегі әлемнің үздік туындысы «Төртінші индустриялық революция» – сүзгіден өткізілген ойға еселеп ой қосар таңғажайып еңбек.
Ендеше, оқып көрген әрбір адамның ой-санасы өзгереріне сенімдіміз, әсіресе жастардың.
15 тамыз 2018 ж. 1 088 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области