ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ІСІ ЖҮЙЕЛІ
Облыстық бюджет қаражаты есебінен «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін электрмен жабдықтау (1 кезек 35 кВ)» және «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
Оның айтуынша Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жөніндегі шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспарының негізінде қабылданған.
Айта кетейік, сол жағалаудағы жаңа қала – бұл 1532 гектарды құрайтын аумақ. Оның 367 га рекреациалық аймақтарды құруға, 537 га тұрғын үйлердің, 190 га сауда және офистік ғимараттардың, 270 га әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына арналған.