Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕР РЕФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ЖЕР РЕФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ


2018 жылғы 4 мамырда «ҚР Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға Мемлекет басшысы қол койып, биылғы жылдың 20 мамырынан бастап күшіне енді.
Бұл туралы өңірлік комунникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов мәлімдеді.
Заң жобасының негізгі нормалары:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру мақсатында жалға берудің жаңа әрі бөлек тәртібі қарастырылып отыр.
Жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету және жемқорлықты болдырмау үшін конкурсқа қойылатын жерлер тізбесін бекіту, оны міндетті түрде қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен келісу, жер комиссиясының құрамына 50%-ы қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдерін енгізу қарастырылған.
Сонымен бірге, конкурстың жариялылығы мен оған барлық қатысушылардың тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру тек аудандық қана емес басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.
Екіншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін үлкен көлемде «бір қолға» берілуін болдырмау мақсатында, әр облыстың әкімшілік аудандары шегінде ауыл шаруашылығы жерлерінің шектік мөлшерін белгілеу көзделген.
Бір қолға берілетін жерлердің мөлшері маслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсынысының негізінде Үкіметпен бекітілетін болады.
Бұл шектік мөлшерін айқындау үшін тиісті Есептеу әдістемесі әзірленді.
Үшіншіден, мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптары ешкімге берілмейді, тек жергілікті халыққа жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Шекаралық аумақта орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарға немесе құрамында шетелдіктер бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Бұл аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек қазақстандықтарға ғана жалға берілетін болады.
Төртіншіден, жергілікті тұрғындардың жеке аула малының саны жыл сайын өсуіне байланысты Заң жобасымен жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында елді мекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындайтын норма көзделген.
Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды жалға беруге тыйым салынады. Сонымен бірге, елді мекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткендігін ескеріп, әкімдіктерге ол жерлерді қайтару үшін халықтың жайылым жерлерге мұқтаждығын мемлекеттік қажеттілікке жатқызу қарастырылып отыр.
21 тамыз 2018 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области