ЖАҢҒЫРУ ЖЕМІСІ – 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
Рухани жаңғыру – қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық сананы жаңғырту, рухани құндылығымыздан ажырап қалмай, болашаққа үлкен сеніммен баратын басты қағидатты айқындай білу.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алты үлкен жоба аталды. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Бұл – үлкен мақсатқа жол салатын құрал. Гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында қолданылатын әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы баршамызды ерекше қуантуда.
Дамыған елдермен терезең тең болу үшін өскелең ұрпақтың сауатты болғаны маңызды. Бұл оқулық – ұлттық болмысымызды сақтап қана қоймай, одан ары дамыта отырып, әлем¬дік өркениет көшіне ілесудің алғышарты. Оқулықтар Қазақстанның болашағын өркендететін жастар үшін таптырмас көмекшіге айналары сөзсіз.
Рухани жаңғырудың негізінде экономикалық жаңғыру да бар. Экономикамыз дамыса, рухани көкжиегіміз кеңейеді, жағдайымыз да жақсарады. Әлемдік экономикалық үндестікке білім арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келеді. Сол оқулық арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындай алмақпыз.
Қасқырбек МӘМБЕТЖАН,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары