Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҢСЕҢДІ ТҮСІРМЕ

ЕҢСЕҢДІ ТҮСІРМЕ

Өмір шарықтау мен құлдыраулардан, жеңіс пен жеңілістерден тұрады. Бұл – заңдылық. Кез-келген адамның басында қуаныш пен қайғы, шаттық пен мұң қатарласып жүреді. Бұларсыз да өмірдің мәні жоқ. Өйткені, бірсарындылық адам баласын аздырады. Бірсарынды қасиет адамзат атаулыны дамуға ұмтылудан қалдырады.
Сенің де басыңда құлдырау пен көтерілу болары кәдік. Кәсіп саласында жүрген азаматтар мұны өте жақсы біледі. Бір кәсіп арқылы ғана өз салаңның үздігі болып, нарықты жаулап алу мүмкін емес. Жетістік деп аталатын шыңның ұшар басын бағындыру үшін мұздықтардан талай құлап, талай түрегелесің.
Жетістікке кім жетеді? Өз саласындағы келеңсіздіктерді салқынқандылықпен қабылдай білетін, келеңсіз жағдайлардан, қателіктерден сабақ ала білетін адам жетеді.
Құлдырауға ұшырадың ба, қызметіңнен айырылып қалдың ба? Еңсеңді түсірме! Барлығын қайта құруға немесе қалпына келтіруге болады. Ең бастысы не? Ең бастысы – өз кәсібіңе деген құлшыныс пен сүйіспеншілікті жоғалтпау.
Өмірдегі кез-келген кедергіні қабылдай біл! Ешқашан еңсеңді түсіріп, қабағыңды тұнжыратпа! Барлығы қалпына келеді!

23 тамыз 2018 ж. 929 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области