Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАНЫМ ТӨРКІНІ – ТАРИХИ ЖЕР-СУ АТТАРЫ

ТАНЫМ ТӨРКІНІ – ТАРИХИ ЖЕР-СУ АТТАРЫ

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалсы аясында көптеген игі іс-шаралар атқарылуда.
Бізге қоғамдық рухани жаңғыру қажет-ақ. Жеке бастың қамын ойлап болған шығармыз. Енді қоғамшыл болуға бейімделгеніміз жөн. Биыл Шиелі ауданына – 90 жыл. Құдай қаласа, ұлан-асыр той болар, киіз үйлер тігіліп, Шиелі аспанында шаттық үні шалқыр. Ән қалықтап, күй күмбірлер.
Бір айтарым, рухани жаңғыру аясында бәріміз бір мүддеге жүгініп, бұрынғы самсаған адам аттарынан бойымызды аулақ салып, барлық киіз үйлердің маңдайшаларына жер-су аттарын (топонимия) жазуды ұсынамын. Өйткені, жер-су атауларының қай-қайсысы болса да тіліміздің тарихы, мәдениеті. Олар тарих мәселелері жөнінде көптеген құнды деректерге ие.
Халқымыздың өткен дәуіріндегі тарихын, әдеп-ғұрпын танып білуде де бұлардың атқарар рөлі аса зор. Себебі, осы жер-су атауларының бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен, адамдардың жеке басы, іс-әрекетімен біте қайнасып, ғасырдан-ғасырға ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, кейінгі ұрпаққа мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре, ұлттық мінез-құлқы, барша болмысы.
Кең байтақ, ұлан-ғайыр жеріміздегі миллиондаған жер-су атауларында халық тарихының ізі, қазақ елінің дүниеге көзқарасы, тіршілік қарекеті, тұрмыс күйі, шаруашылық кәсіптерінің көріністері, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүр меңзелген.
Әр адамның атамекен-алтын бесігі, туған жері алтыннан да, бар асыл заттардан да қымбат. Адам жей берсе, еттен де жериді. Сондай-ақ, жылда-жылда жазыла беретін адам аттарын жер-су аттарымен ауыстырсақ, рухани жаңғырудың ауылына жақындай түскендей боламыз.
Жалпы қауым адам аттарына «Е» деген түйсікпен қарап, оның мән-мағынасына бара қоймайды. «Сол баяғы пәленше ғой» деген ұғымнан аса алмайды. Жеке адамдарға, ардақты, даңқты еңбекшіл ата-аналарымызға жасалынып келген, көрсетіліп келген, көрсетіле беретін құрметіміз шексіз. Шиелі өңірі, елді-мекендеріміз көне атаулардан кенде емес. Біздің болашақ жастарымыз тек адамдардың аттарын жаттап өспей, туған өлкеміздің жер-су аттарын да (өзен, көл, жер, тау, көне қала) т.б. бойларына сіңіріп отырғаны жөн секілді.
Біз білетін «Оқшы ата», «Бестам», «Нәнсай», «Шәулімше», «Қосқарағым», «Тақия төбе», «Дарбаза», «Қанқожа», «Таушұқырой», «Жалғыз ағаш», «Ақбұлақ», «Сауысқандық», «Қос көл», «Қызыл там», «Ақ там», «Майшы», «Мың бұлақ», «Жыңғылды», «Батырбек», «Сегіз сай», «Таштоп», «Сарысу», «Ақтөбе», «Телікөл», «Бидайкөл», «Қызылқұм», «Наршоқы», «Аққала», «Қарғалы» т.б. Сонымен қатар, біз білмейтін қаншама жер-су аттары бар.
Торқалы той қарсаңында айтпақ ойымыз – киіз үй маңдайшаларындағы адам есімдерін, осындай жер-су аттарына ауыстырып, санамызды да, қоғамдық пікірімізді де өзгерту. Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласында айтылған рухани жаңғырудың түптөркіні де осы емес пе? Жүрекке жылы да жақын, айдай айқын жер-су аттары тоқсан жылдық тойымыздың бір жаңалығына айналса, рухымыздың да биіктей түсері анық.

Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі

29 тамыз 2018 ж. 997 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области