Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ


«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!»
Н.НАЗАРБАЕВ

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі мен «IZET» қоғамдық қоры бірлесіп XVIII жастар форумын өткізді. Дәстүрлі форум Тереңөзек кентіндегі №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде басталып, облыс орталығында жалғасты. Жастардың бұл басқосуы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты тақырыпта өрбіді.
Бүгінгі жаңа заман тәуелсіз елдің мұраты – жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі сен екеніңді ұмытпа», - деді Елбасы. Осынау қанатты сөздің астарында Мемлекет басшысының жастарға артқан үміті мен сенімі мол екенін аңғаруға болады.
Бұған қоса, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында жастарды үнемі қолдап, оларға тек білім мен кәсіби маман болуға ұмтылу қажеттігін айтып отырады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек те, қолдау да бар. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», сынды сөздердің жастар үшін маңызы аса зор. Өйткені, білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы да осы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Басты талап – озықты меңгеріп, замана көшіне ілесу. Ел жастары озық біліммен қаруланып, сауатты маман болғанда ғана еліміз өркендеп, дамиды.
Басқосуда «IZET» қоғамдық қорының директоры Ш.Үмбетов бүгінгі жас ұрпақтың қоғамдағы рөлі мен қордың атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Ал облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Қ.Бозжанов ойын былайша өрнектеді:
– Біз дамыған 30 елдің қатарына қосылуды қаласақ, аянбай тер төгуіміз қажет. Бұл тұста сіздерге, яғни болашақтың кілтін ұстар жас патриоттарға артылар жүк басым. Бүгінде билік пен үкімет ел жастарына барлық жағдайды жасап отыр. Тек еңбектеніп, жоғары білімді азамат болуға қадам жасауымыз керек. Сонда ғана тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік елге айналары сөзсіз.
Жыл сайын өткізілетін аудан жастарының форумында түрлі салада жетістікке жеткен жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік, «Өрлеу» номинациясы иегерлері қатарында ұстаз бен дәрігер де, ел тыныштығын күзеткен құқық қорғаушысы да, мемлекеттік қызметкер мен спортшысы бар.
Жалындаған жастар форумы Қызылорда қаласында орналасқан «Сырдария» лагерінде жалғасын тауып, онда түрлі тақырыпта семинар-тренинг өтті.
Барлық жастар топтарға бөлініп, спорттық шаралар мен оқыту сабақтарына қатысты. Соңында белсенділігімен көзге түскен жас азаматтарға сертификат табысталды.
05 қыркүйек 2018 ж. 928 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области