Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

ҚАЗАЛЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген болатын.
Иә, елжандылықтың тамыры – кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білуде. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Бұл орайда, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаз-ғалымдардың еңбегі зор.
Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Білімді жетер мұратқа» тақырыбында мазмұнды кеш өтті. Онда осы білім ордасынан түлеп ұшып, бүгінгі таңда ғылым жолында жүрген жандар мектептің жоғары сынып оқушыларымен жүздесті.
Басқосуда Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Ветеринария» факультетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Гүлнар Тұрғанбаева мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика-химиялық талдау әдістері» ғылыми зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Клара Дәрмағамбетованың еліміздің ғылымын дамытудағы өмір жолы мектеп оқушыларына жан-жақты таныстырылды.
Өз кезегінде құрметті қонақтар да білім алған қарашаңырақ туралы жылы лебіздерін жеткізіп, оқушыларға жоғары жетістікке қол жеткізу үшін тынбай еңбектеніп, жақсы білім алу керектігін айтты.
– «Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Біздің мақсатымыз да еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақты елжанды, патриот етіп тәрбиелеу», - деді Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Ветеринария» факультетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жерлесіміз Г.Тұрғанбаева.
– «Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті» - деді Елбасымыз. Өскелен ұрпаққа жақсы тәрбие беру барысында адамзаттық құндылықтар мен халықымыздың рухани мәдени мұраларды жаңғыртуды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептен бастау керек. Өйткені, балаларымыз бүгінгі мақтанышымыз, ертенгі келер ұрпақтың тәрбиесі. Сол келешек ұрпаққа тәрбие беру арқылы ақылды, парасаты мол, ақыл - ойын озық етіп тәрбиелеу – біз мен сіздің міндетіміз, - деді К.Дәрмағамбетова.
Кездесуде ардагер ұстаз Күнилә Әубәкірова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлан Қалиев, №94 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Тасым, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Шайқұл сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының дер кезінде жарияланғанын, ондағы «Туған жер» бағдарламасының балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейтінін жеткізді.
Ерінбей еңбек етсе, алынбайтын асу жоқ екендігін, оған бүгінгі кездесу кешінің қонақтары айқын дәлел бола алатынын тілге тиек етті.
Кешегі түлектерге бүгінде мектеп қабырғасынан қанат қаққалы тұрған шәкірттер көкейлеріндегі сауалдарын жолдаса, мектеп мұғалімі Думан Төкеш профессор Клара Хайроллақызының қолға алған ғылыми жетістігі жайлы баяндады.
«Туған жерге тағзым» акциясына атсалысуға келісімін беріп, кештің құрметті қонағы болған Клара Хайроллақызы мен Гүлнар Елдесбайқызына №94 мектеп директоры Алик Тлеумбетов шын жүректен шыққан алғысын білдірді.


18 шілде 2018 ж. 1 032 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области