ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Облыс орталығындағы Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты ақпарат құралдарының сайт қызметкерлеріне арналған практикалық семинар өтті.
«Веб-аналитика және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы жиынды «Grand master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев жүргізді. Ол мүмкіндігі шектеусіз, шекарасы кең интернет әлеміндегі біз біле бермейтін кейбір мәселелерді, сайттардың сапасын, рейтингін көтеруге байланысты ойларын ортаға салды.
Қазір бүкіл әлем ақпараттық технологияның жетістігіне тәуелді. Сайттардың жандануы – соның дәлелі. IT саласының маманы газеттердің қағаз нұсқадан электронды форматқа ауысуының әлем бойынша бірқатар мысалын келтірді. Бұл – уақыт талабы.
Қазіргі күні «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты 11 газет пен серіктестіктің сайты, «Кызылорда-ньюс» интернет басылымы жұмыс істеп тұр. Семаинарға барлық аудандар мен облыстық және қалалық газеттердің сайт мамандары мен басшылары қатысты.
Семинарда Алмат Қуанышбаев сайттың жұмысын жандандыру бағытындағы шаралар туралы айтты. Ақпарат құралдарының өкілдері де сайттардың сапасын, қаралымын арттыруға байланысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиын соңында қатысушыларға кәсіби дайындықтан өткені жөнінде сертификат табыс етілді.