Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭКСПО-ҒА КЕЛГЕН КОНГО АЗАМАТШАСЫ ЕЛІНЕ ҚАЙТА АЛМАЙ ЖҮР

ЭКСПО-ҒА КЕЛГЕН КОНГО АЗАМАТШАСЫ ЕЛІНЕ ҚАЙТА АЛМАЙ ЖҮР

Астанаға қыдырып келген конголық Моника Камганза туған жеріне орала алмай жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, Моника Қазақстанға былтыр ЭКСПО көрмесіне келген. Осында ер азаматпен танысып, біраз уақыттан кейін онымен қарым-қатынасын үзген. Қазір қолында кішкентай сәбиі бар. Ал виза мерзімін ұзарту керектігін білмеген. Осылайша, қазір ол үй-күйсіз қалып отыр. Оның үстіне, конголық азаматшаның тек француз тілінде сөйлеуі онымен тілдесуді қиынға соқтыруда.
Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекция Мониканы әлеуметтік-құқықтық қорғау орталығына жіберген. Олар сәбидің өмірге келуіне көмектескен.
«Егер миграциялық полиция оны визалық режимді бұзғаны үшін елден кетуге мәжбүрлесе, оның жолақысын ешкім де өтей алмайды. Бұл үлкен қаражат, ал азаматшаның бір тиыны да жоқ. Ол Қазақстанда қалуға көмек сұрап отыр. Мұның жолы бар. Бірі - ықтиярхат алу. Алайда оның есепшотында 3 млн теңгесі болуы тиіс. Не босқын мәртебесін алу. Бұл да күрделі мәселе», - дейді қор директоры Анна Рыль.




08 қыркүйек 2018 ж. 534 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области