Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮШТІЛДІЛІК – ДЕКЛАРАЦИЯ ЕМЕС, ХХI ҒАСЫР ҚАЖЕТТІЛІГІ

ҮШТІЛДІЛІК – ДЕКЛАРАЦИЯ ЕМЕС, ХХI ҒАСЫР ҚАЖЕТТІЛІГІ


Қазақстанның ХХI ғасырда жаңа кейіпте болатыны қазір анық байқала түсті. Жаңа буын өкілдері тың мүмкіндіктерге жол ашып, үлкен өмірге қадам басуда.
Әлеуметтік желілер әрбір үйге таралып, технология мен жаңа коммуникациялар өмірімізді түбегейлі өзгертті. Біз қазір ашық қоғам құруға тырысып жатырмыз. Әрине, мұндай қоғамға екі тіл – қазақ пен орыс тілдері жеткіліксіз екендігі түсінікті.
Алыс-жақын шетелдерге саяхатқа жиі шығып жүргендердің айтуынша, егер ағылшын тілін білетін болсаңыз, әлемнің кез-келген елінде қиналмай, емін-еркін жүре аласыз. Көп мемлекетте базардағы саудагерден мектептегі оқушыларға дейін ағылшын тілін ауызекі деңгейде біледі. Мысалы, Түркия, Египет, Испания немесе Бразилияда болсаңыз, сізге барлығы ағылшын тілінде жауап береді.
Өкінішке қарай, біздің елге келген туристерге бұл мүмкіндік жасалмаған. Ал туристердің Қазақстанға келуі күн санап артып келеді.
«Үшінші жаңғыру» атты Президент идеясының өте маңызды бір бөлігі – ашық қоғам құру. Қазіргі әлемнің жетістіктеріне қызығушылық танытқан адам ағылшын тілін білуі міндетті. Ал Қазақстан міндетті түрде заманауи, инновация мен қарым-қатынасқа ашық ел болуы тиіс. Президенттің балаларға мектеп қабырғасынан үш тілді үйретуге ұсынған үштілділік идеясы дәл осыған негізделген. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХХIV сессиясында ол Қазақстандағы қазіргі балалар болашақта өзін және отбасын асырау үшін міндетті түрде үш тілді білуі тиіс деп ойын нақты тұжырымдап жеткізді.
«Мен балаларды кішкентай кезінен үш тілділікке үйрету қажет дегенге толығымен келісемін. Үштілділік - біздің балаларымыз үшін аса қажет. Олар мемлекеттік тілді білуі тиіс, ал орыс тілі - қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі болса, әлемдік тіл, әлемдік ғылым, инновация мен интернет тілі», - деді Мемлекет басшысы.
Президент атап өткендей, үштілділікті мектептің оқу жоспарына енгізу қазақстандық балаларды болашаққа дайындау болып табылады.
20 тамыз 2018 ж. 1 738 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области