Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫНДАНДЫРУ – ҚОҒАМ МЕН ХАЛЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

ЛАТЫНДАНДЫРУ – ҚОҒАМ МЕН ХАЛЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру елімізде жоспарланған әрі күтілген оқиға еді. Бұған дайындық бірнеше жыл жүргізілді. Мұндай шешімнің себептері халыққа түсінікті және белгілі болатын. Кириллица қарпі оқуға ыңғайлы, қарапайым болғанмен, қазақ тілі әріптеріне тән емес артық белгілерге толы. Бұған қоса, Қазақстанда орыс тілі барлық жерде әрі үнемі қолданылатынын ескерсек, сөздердің орыс тілінен қазақ тіліне бастапқы қалпында ену кезіндегі екі тілдің ортақ таңбалары бұрмаланушылыққа әкелді. «Шала-қазақ» деп мысқылмен айтылатын қазақ және орыс сөздердің дүбәрасы мен сауатсыз білім туралы дүниені ұмытуға болмас. Мінекей, дәл осы сәттер тілдің дамуына, жеткілікті баюына ықпал етпей, керісінше, оның азып-тозуына апарды.
  Бұл түйткіл туралы лингвистер талай рет айтты, әдебиеттанушылар мен жазушылар да оны қозғап келеді. Мұны шешу болашақта тілдің дамуы тұрғысынан маңызды болады. Сонда ол өзінің табиғи дыбыстық құрылымнан ажырамай, сауатсыз сөз түрлері мен тіл құрылыстарынан құтылып, табиғи механизм арқасында дамуға және баюға мүмкіндік туады.
Бірақ, тілдік фактордан бөлек, латындандыру идеясының саяси, әлеуметтік-тарихи пайдасы да бар. Қазақ тілін латынға көшіру қазақстандық қоғамның дамуының кезеңі, белгілі бір шекарасы деуге де болады. Латындандыру, ең алдымен қоғамдағы қазақ тіліне деген жалпы қызығушылығын туғызады. Мемлекеттік тілді жетік білмейтіндер үшін қазақ тілін жаңа бағытта үйренуге, қолдануға қызығушылық пайда болады. Көптілділік біздің қоғамда әлдебір жалпы сән емес, адамның жеке бәсекеге қабілеттілік факторы ретіндегі де тренд болып табылады. Қазақ тілін жетік білу, әсіресе латын қарпіндегі қазақшаны білу әртүрлі саладағы яғни, халыққа қызмет көрсететін банк, компания сияқты салалардан бастап мемлекеттік басқару мен ірі компаниялардағы менеджмент маманына дейінгі аралықтағы жоғары қызметке отыруға мүмкіндік береді.
    Қазақ тілін латындандыру мектеп бағдарламаларын жаңғыртуға ықпал етеді. Мектептерге нақты үштілділікті енгізуге жеделдетіледі - қазақ, орыс және ағылшын тілдері әртүрлі пәндердің аясында, оқу процесінде қолданылып, тең дәрежеде оқытылады. Балалармен бірге, олардың ата-аналары да бірге үйренетінін ескерген жөн – бұл баламен бірге үй тапсырмасын орындау кезіндегі қашып құтыла алмайтын міндетті процесс.
   Жалпы алғанда, латындандырудың тілдік һәм жалпысаяси мәні зор. Қазіргі таңда жүзеге асатын қоғамдағы өте маңызды, жүйелі өзгерістер еліміздің дамуына үлкен ықпалын тигізетіні анық.

04 маусым 2018 ж. 738 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области