ИГІЛІКТІ ІСКЕ ИГІ ҚАДАММЕН
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы өзекті тақырыптардың бірі-латын әліпбиіне көшу. Өткен жылдың 26-шы қазанында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латынға көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Халқымыздың рухани кеңістігіне үлкен жол ашып берді.
Қазақ халқы бұған дейін де өз тілінің тарихында үш алфавит жүйесін басынан кешірді. Әліпби реформасы әлденеше рет жасалды. Арабша төте жазудан латыншаға, одан кирилицаға өттік. Яғни латын әліпбиіне көшу туралы жан-жақты пікірлер 1926-1929 жылдары бастау алғаны аян.
Өз басым мұндағы ұтымдылыққа назар аударамын. Бұл жерде тіл ауыспай, таңбаның ауысуы, сол қазақтың дыбыстық жүйесін сол қалпында таңбалап бере алады. Екінші жағдай, жаңа әліпби қоғам дамуына сай халқымыздың ұлттық жазуын тұрақтандырып, сөздік қорымызды сақтап қалатын негізгі бағыт болып саналады.
Әлем елдерінің сексен пайызы қазіргі таңда латын әліпбиіне көшкен. Болашақ ұопақты ойлар болсақ, тіл байлығын арттырамыз десек, бірден бір жол-латын қарпіне ауысу. Бұл дегеніміз-өз халқымыздың биіктеуіне, жаңашылдыққа, даму тұрғысынан өзгерумізге әкеледі. Елбасы мақаласында осы қасиетті қадамдағы мақсат-міндеттер мен атқарылар істер нақты белгіленіп, айтылған.
Б. ҚОЖАСОВ.
Арал ауданы. Жаңақұрылыс ауылы.
№74 орта мектептің қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі