ЛАТЫНҒА КӨШУ – ЗАМАНАУИ КӨП ТІЛДІ ҚОҒАМҒА НАҚТЫ ҚАДАМ
Қазақстандық әлеуметтік желілерде соңғы айлардың басты тақырыбы – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді талқылау жалғасуда. Президенттің тиісті қаулыға қазан айының соңында қол қоюы көктемде Қазнетте басталған қоғамдық талқылауды одан әрі күшейтті. Әліпбидің таңдалған нұсқасы және тұтастай алғанда қабылданған шешімдердің саяси және стратегиялық мағынасы туралы әр түрлі пікірлер бар.
Кейбір авторлар латынға көшу – бұл тілдерді жаңғырту процесі ғана емес, еліміздің саяси дамуындағы белгілі бір кезең деп санайды. Мәселе болашақ үшін өркениетті таңдау турасында: енді қазақ тілі латын әліпбиін қолданатын басқа түркі тілдері сияқты танымал әрі жеңіл оқылатын болады. Латын тілін мектептерге енгізумен қазақ тілді жаңа ұрпақ қалыптасады. Кирилл қарпінен бас тарту арқылы қазақ тілінің табиғи дыбысталуы бұрмаланбайтын болады.
Көпшілік латынға көшу қазақ тілін дамытуда күшті жаңа серпін беріп, оны жаппай үйренуге жағдай туғызады деп санайды. Қоғамның орыс тілінде сөйлейтін бөлігі қазақ әліпбиінің өзгеруі – бұл тақырыптың орыс тілді қазақстандықтарға жақын тақырып екенін көрсетеді. Жазбаның авторлары қазақ тілін меңгеруді белсенденді ету нәтижесінде барлық қазақстандықтарға түсінікті әрі жақын бола түседі деген пікір айтады. Әрі бұл біздің ортақ азаматтық ұлтты нығайтуға елеулі бастама болады.
Әлеуметтік желі пайдаланушыларының барлығы латынға көшуді жақсы қабылдады деуге келмес. Теріс пайымдаулар да бар. Алайда, бұл жерде маңызды бір сәтті атамай кетуге болмас. Теріс пікір білдіргендердің дені тілді мүлде меңгермегендер я болмаса ең қарабайыр деңгейде сөйлейтіндер екенін мониторинг көрсеткен. Шын мәнінде мұндай негізгі сыншылар талқыланған тақырыпты білмейді екен. Мұндай тұжырымды дөрекі қателердің көп кеткеніне қарап жасауға болатын еді. Бұл құбылыс бір нәрсені растайды: әлеуметтік желілердегі қуатты теріс ақпараттық орта өзінің рөлін ойнады. Латынға көшу қазақстандық аудиторияны Қазақстанды орыс тілінің ықпалынан шығарады деп көктемнен басталған пікірлер ақыр соңында жемісін берді.
Бұған байланысты көпшілік қазақ тілін латынға көшіру орыс тіліне кері әсерін тигізбейді дегенді атайды. Бірақ, анығы қазақ тілінің қолдану аясы кеңейе түседі. Бұл туралы әлеуметтік желілерде көптеген авторлар жазады. Олардың пікірінше, мектептерге үштілділікті енгізу арқылы қазақстандықтардың жаңа буыны көп тілді меңгереді. Соның нәтижесінде қазақтардың көпшілігі дәстүрлі түрде орыс тілін күнделікті этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдаланады, бірақ олар қазақ тілін белсенді пайдаланады, сондай-ақ негізгі халықаралық тіл – ағылшын тілін меңгеруге ұмтылады. Тұтастай алғанда, көпшілік алдағы уақытта әсіресе, онжылдықтарда қазақстандық қоғам үштілділікке жақындай түседі. Осы тұрғыдан алғанда қазақ әліпбиін латынға көшіру халықтың біліміне және тілдік дайындықтарына ықпал ететін фактор болып табылатынын көруге болады.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің өзі жетіле түседі деген де пікір бар. Ол сауатсыз сөздік құрылымдардан құтылып, тілді байыту мен жаңғыруға мүмкіндіктер алады. Тұтастай алғанда, латын қарпі туралы тақырыптарды талқылау күн сайын ел тұрғындары арасындағы кең ауқымды пікірлердің жаңа қырларын ашып көрсетеді. Кейде өткір көзқарастардың болғанына қарамастан, Қазақстан халқы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің стратегиялық мәнін түсінді. Бұл қазақстандықтардың білімі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл ұлттың бірігуі және елдегі азаматтық құрылыс процестерін жандандыру, бұл қоғамдық сананы жаңғыртудың президенттік идеяларымен тығыз байланысты. Қазақстандық әлеуметтік желілердің көпшілігінде латынға көшу – заманауи, бәсекеге қабілетті, көптілді жаңа қоғамның қалыптасуы үшін негіз болады деген пікір бар.