Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАҚОРҒАН:СПОРТТЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ

ЖАҢАҚОРҒАН:СПОРТТЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ


«Самрұқ Қазына Траст» әлеуметтік кәсіпкерлік дамыту қорының демеушілігімен Жаңақорған кенті және Шалқия кентіне заманауи спорттық кешенін салу жұмыстары басталды. Бұл екі нысан жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Үстіміздегі жылы ауданнан 17 спортшы облыстық құрама команда сапында өнер көрсетсе, 6 спортшы ҚР-сы ұлттық құрама командасының қатарында кіріп, ел намысын қорғап жүр. Ауданның спортшылары үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында біршама табыстарға жетті. Олар ҚР-ның чемпионаттарында ұлттық спорт түрлерінен 12 алтын, 19 күміс, 12 қола медаль иеленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңақорған ауданында 64 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды. Аталған ұжымдарда спорттың 26 түрімен, 22980 адам тұрақты түрде шұғылданады, бұл өз кезеңінде аудан халқының 27,3 пайызы. Тұрғындарға қызмет көрсететін спорт ғимараттар саны 313 бірлікті құрап отыр.
10 қыркүйек 2018 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области